
Аққайың ауданының шаруашылығы 192 ірі қара мал басын әкелді. Чехиядан келген мал басын "Гердт В.В." ШҚ сатып алды. Жыл басынан бері Власовка ауылдық округіне Мемлекеттің қолдауымен 378 симменталды асыл тұқымды мал әкелінді.
Соңғы жылдары Аққайың ауданында 4 тауарлы сүт фермасы іске қосылды. Осының арқасында сүт өндірісі 36 мың тоннадан 50 мың тоннаға дейін ұлғайды.