СҚО әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетовтың төрағалығымен өткен кеңес барысында тұқым шаруашылығы саласындағы ахуал талқыланды

СҚО әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетовтың төрағалығымен өткен кеңес барысында тұқым шаруашылығы саласындағы ахуал талқыланды

СҚО әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетовтың төрағалығымен өткен кеңес барысында тұқым шаруашылығы саласындағы ахуал талқыланды. СҚО әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының деректері бойынша осы жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін қолдау мақсатында жоғары сапалы тұқым сатып алу шығындарын өтеу бойынша  субсидиялау бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен 1,8 млрд.теңге бөлінді. Соңғы бес жылда сортты жаңарту 1,3% - ға өсті. 2023 жылы бұл көрсеткіш 9,5 % құрады.
Осы жылы жеткізілген Жол картасының 2024-2028 жылдарға арналған жоспарына сәйкес АШМ сортты жаңарту көрсеткішін 10% - ға дейін жеткізу жоспарлануда, осы көрсеткішке қол жеткізу үшін облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдарына 48 мың тонна элиталық тұқым сатып алу қажет.
Зертханалардың деректері бойынша толық егіс талдауына 295,2 мың тонна дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар тұқымы келіп түсті. 2023 жылы облыстың аттестатталған тұқым шаруашылығы 68,4 мың тонна тұқым өндірді. 
Аудан әкімдеріне сортты жаңарту бойынша жұмысты күшейту, тұқымдарды толық талдауға тапсыру және шаруашылық басшыларымен түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттігі атап өтілді.