Ақпарат

Ақпарат

Солтүстік Қазақстан облысының зертхана мамандары 295 мың тонна дәнді, дәнді-бұршақты және майлы дақылдардың тұқымын тексерді. Қазір бұл жұмыспен 27 маман айналысады. Олардың саны қажет болған жағдайда көбейтіледі. Зертханаларда әкелінген тұқымдар да тексеріледі.

Маймұна Мәмекова, "Қазақстандық аграрлық сараптама" АҚ СҚОФ директорының м.а.:

— 2023 жылғы егіннің тұқымын тексеру бойынша жұмыс жүргізу, мысалы, Мамлют ауданы бойынша шілде айында басталды. Тексерудің негізгі бөлігі қазан, қараша, желтоқсан айларында болды. Бұл алдын-ала талдау болды, егіс алдындағы тексеру наурыз және сәуір айларында болады. Егіс науқанының басында барлық ауыл шаруашылығы өндірушілеріне астықтың тұқымдық сапасын тексерген жөн".  Тексеруден кейін сұрыптау куәлігі беріледі. Ол 4 ай бойы жарамды. Тұқымның сапасын растайтын құжатты кейін ұзартуға болады