2020 ж. 02.06. СҚО бойынша КЕЖ барысы туралы

2020 ж. 02.06. СҚО бойынша КЕЖ барысы туралы

Егiстiк құрылымы

Ағымдағы жылы облыс бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егiстiгi 4,2 млн. гектарды құрайды, оның iшiнде дәндi және дәндi бұршақты дақылдар 2,8 млн. гектарды құрайды.

Егiс алқаптарын әртараптандыру шеңберiнде майлы дақылдар ағымдағы жылы 955,4 мың га құрайды.

Ағымдағы жылы картоп пен көкөнiс алқабы 32,7 мың га және 6 мың га құрайды.

Егiс жұмыстары

Облыстың агроқұрылымдары егiс жұмыстарының аяқталуына жақын.

Бүгiнгi таңда облыс бойынша жаздық егiс 3760,7 мың га немесе 94,1% құрайды, соның iшiнде дәндi дақылдар 2728,2 мың га (95,3%), майлы дақылдар 884,4 мың га (92,6%), картоп 32,7 мың га (100%), көкөнiс 6,0 мың га (100%), бiр жылдық шөптер 88,4 мың га (76,2%), көпжылдық шөптер 8,1 мың га (73%), сүрлем шөптер 12,9 мың га (86,6%).

Картоп пен көкөнiс барлық аудандарға толық көлемде егiлдi. Бiржылдық және көпжылдық шөптердi себу жұмыстары маусым және шiлде айларында жалғасады (2-шi және 3-шi себу мерзiмдерi).

Тыңайтқыштар

Ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын арттыру және топырақтың құнарлылығын сақтау мақсатында ағымдағы жылы облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерi жоспардағы 130 мың тонна болғанда, жалпы көлемi 111 мың тонна отандық зауыттардан минералды тыңайтқыштар сатып алуға шарт жасады. Бүгiнгi күнi зауыттардың деректерi бойынша 96 мың тонна немесе жасалған шарттардың жалпы көлемiнiң 74% төлендi, 93 мың тонна немесе 72% тиелдi. Тыңайтқыштар үшiн төлем жасалуда мен тиеп жөнелту жұмыстары жалғасуда.

Аудандардың ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерiмен сатып алынған минералды тыңайтқыштар көлемi 96 мың тонна, бүгiнгi күнi 1111,8 мың га алқабында 77,5 мың тонна енгiзiлген немесе 80%. Тыңайтқыштар жаздыгүнi да және күздiгүнi де сүрi жерге және сүдiгер жерге енгiзiлетiн болады.