Мал шаруашылығының дамуы

Мал шаруашылығының дамуы

Өткен жылдың қыркүйек айында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ СҚФ мал шаруашылығы саласындағы «Bereke SKO» ЖШС жобасын қаржыландырды. Шаруашылық Мағжан Жұмабаев ауданы Авангард ауылдық округiнiң Рощино ауылында орналасқан.

Кәсiпорынға бара отырып, оны әйел адам — Батима Бекболатқызы Шарманова басқаратынын көруге қуанышты болды.

Кәсiпкердiң айтуынша, ол 70,0 млн. теңге сомасына кредит қаражатын жылдық 4%-бен, 15 жыл мерзiмге «Сыбаға» бағдарламасы аясында 2 жылға жеңiлдiк кезеңiн ұсынумен алды. Жалпы қарыз сомасынан 62,5 млн. теңгеге Словак Республикасынан симментал тұқымды 100 бас IҚМ әкелiндi, қалған қаражатқа Беларус жаңа тракторы сатып алынды.

Кәсiпорынның сауу залы бар мал шаруашылығы үй-жайы, тәулiгiне 3 тоннаға дейiн сүт қабылдайтын сүт қабылдау пунктi бар.

Батима Бекболатқызының жоспарында тағы бiр мал шаруашылық үй-жайын салу, 100 мал басы көлемiнде асыл тұқымды төлдi сатып алу көзделген.