11.05.2020 жылдан бастап тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға өтiнiмдердi қабылдау жүзеге асырылады, онда аудандастырылған және перспективалы сорттардың сатып алынған бiрегей тұқымдары үшiн элиталық тұқым өсiру шаруашылықтарына шығындарды iшiнара (70%) өтеу көзделген,
- нақты сатып алынған элиталық тұқымдар үшiн тұқымшаруашылықтардың, АШТӨ шығындарын iшiнара (70%) өтеу, бұл ретте субсидиялар дақылдың егiс алаңынан 15% аспайтын алаңға сатып алынған элиталық тұқымның көлемiне төленедi;
- нақты сатып алынған бiрiншi репродукциялы тұқымдар үшiн АШТӨ шығындарын iшiнара (50%) өтеу, бұл ретте субсидиялар егiс алқабының 20% аспайтын алаңға сатып алынған бiрiншi репродукциялы тұқымның көлемiне төленедi;
- сатып алынған жүгерi, рапс және (немесе) күнбағыс будандарының тұқымдарына ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң шығындарын iшiнара өтеу (50%).