Семинар-кеңес

Семинар-кеңес

2020 жылдың 10 маусымда «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы» КММ бастамасымен техникалық инспекция бойынша электрондық форматта мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша семинар-кеңес өткiзiлдi. Семинарға Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi департаментiнiң өкiлi және СҚО әкiмi аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттiк қызметтер бөлiмiнiң өкiлi, техникалық инспекцияның аудандық және облыстық мемлекеттiк инженер-инспекторлары қатысты.

Бұл семинарда «Е-Лицензиялау» МДҚ порталы арқылы ауыл шаруашылығы техникасын мемлекеттiк тiркеу, техникалық тексеру, тракторист машинист куәлiгiн беру, ауыл шаруашылығы машиналарын кепiлдендiру мәселелерi талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша техникалық инспекция саласында мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған бiрқатар ұсыныстар әзiрлендi.