Ауыл шаруашылығы техникасының болуы туралы ақпарат

Ауыл шаруашылығы техникасының болуы туралы ақпарат

2023 жылы облыстың шаруа қожалықтары 79,5 млрд. теңгеге 2 848 бірлік техника мен жабдық (жоспар бойынша 2 450 бірлік) сатып алды (2022 ж. – 81,1 млрд. теңгеге 2 408 бірлік), оның ішінде ҚазАгроҚаржы арқылы 28,4 млрд. теңгеге 514 бірлік техника, басқа лизинг берушілер арқылы 17,5 млрд. теңгеге 345 бірлік техника сатып алды.

Осылайша, 2023 жылы техниканы жаңарту 5,3% құрады (2022 жылы 4,73%, 2021 жылы 4,77%).

2024 жылға арналған жоспарлар

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдерінің, облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің деректері бойынша осы жылы 2560 бірлік техника мен жабдық сатып алу жоспарлануда. Оның ішінде бүгінгі таңда 1,7 млрд теңгеге 153 бірлік (40 трактор, 29 комбайн, 1 егіс кешені, 48 дән сепкіш және т.б. 35 бірлік) сатып алынды.

Мемлекет басшысының 2024-2028 жылдарға арналған ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемін ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау жөніндегі Жол картасына сәйкес 2024 жылға арналған ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту жоспары 6,1% құрайды.