2023 жылы
2023 жылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 73,6 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді (Анықтама: оның ішінде Атырау МӨЗ 20,6 мың тонна (28%) және Павлодар МӨЗ 53 мың тонна (72%)).
Оның бағасы литріне 224 теңгені құрады.
2023 жылғы егін жинау жұмыстарына Солтүстік Қазақстан облысына 58,9 мың тонна бөлінді, оның ішінде арзандатылған дизель отынының жемшөп дайындау жұмыстарына 1,9 мың тонна (Анықтама: 17 мың тонна АМӨЗ (29%), 41,9 мың тонна ПМӨЗ (71%)).
Сондай-ақ, ауа райы жағдайларын ескере отырып, дәнді және майлы дақылдардың тұқымдарын кептіру бойынша іс-шараларды жүргізу үшін осы жылы кептіруге қосымша 19,7 мың тонна дизель отыны бөлінді (9,7 мың тонна Павлодар МӨЗ және 5 мың тонна Шымкент МӨЗ).
АШТӨ үшін баға литріне 250 теңгені құрады, бұл ЖМҚС қарағанда 15% -ға арзан.
2024 жылы
2024 жылға арналған көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынына қажеттілікті қалыптастыру үшін 2023 жылғы 1-20 желтоқсан аралығында 53,2 мың тонна дизель отынына 1446 өтінім келіп түсті.
2024 жылғы көктемгі дала жұмыстарына 53,2 мың тонна дизель отыны бөлінді (АМӨЗ – 22,5 мың тонна (42,3%), ПМӨЗ – 30,7 мың тонна (57,7%)).
АШТӨ үшін баға литріне 250 теңгені құрады, бұл ЖМҚС-қа қарағанда 15% - ға арзан.