Бүгін Облыс басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, аграршыларға лайықты наградаларын табыс етті. Агроөнеркәсіп кешеніндегі оң өзгерістер біздің ауыл тұрғындарының қажырлы еңбегімен тікелей байланысты.
Құнарлы жер, еңбекқор адамдар, шексіз бай алқаптар — мұның бәрі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша көш бастап тұрған Солтүстік Қазақстан облысы. Біздің өңірде 5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер бар. Бүгін кәсіби мерекені халық атап өтуде, соның арқасында біздің үстелімізде нан, сүт, ет бар.