СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беру Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкес осы бапта белгіленген тәртіппен және шарттарда уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс негізінде, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген Конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылатынын хабарлайды.
Жергілікті атқарушы органдар конкурс өткізуді конкурс өткізу туралы хабарламаны мерзімді баспасөз басылымдарында, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында және халық үшін қолжетімді орындарда арнайы ақпараттық стенділерде жариялау және оны басқа жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға оның интернет-ресурсына орналастыру үшін жіберу арқылы жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар тапсырылады:
Жергілікті атқарушы органдар конкурс өткізу туралы хабарлама алғаш жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау басталады, ал қайта конкурс өткізілген жағдайда – күнтізбелік он бес күн өткен соң басталады.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде, ал қайта конкурс өткізілген жағдайда – он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінім қағаз жеткізгіште қолма-қол не пошта арқылы немесе «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін беріледі.
Конкурстық ұсыныс мынаны қамту тиіс:
Конкурстық ұсынысты конкурсқа қатысушы жабық конвертте ұсынады.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты жер комиссиясы өткізеді.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер беру мерзімі аяқталғаннан кейін жер комиссиясы келіп түскен жабық конверттерді ашу жолымен (конкурсқа қатысушылардың қатысуынсыз) конкурстың қорытындысын шығарады.
Жер комиссиясы барлық өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептеулердегі қателіктердің болуы, құжаттардағы барлық қолтаңбалар тұрғысынан зерделейді, сондай-ақ тұтастай ресімдеудің дұрыстығын тексереді, өтінімдерді бизнес-жоспар бойынша, оның ішінде конкурстық ұсыныста көрсетілген инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен бағалайды, салыстырады.
Жер комиссиясының шешімі хаттамамен ресімделеді.
Жер комиссиясының хаттамалық шешіміне отырысқа қатысқан жер комиссиясының төрағасы мен барлық мүшелері, сондай-ақ жер комиссиясының хатшысы қорытынды шығарылған күні қол қояды.
Жер комиссиясының мүшелері қол қойған конкурс қорытындылары туралы хаттамалық шешім бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады және үш жұмыс күнінен кешіктірмей барлық өтініш берушілерге және жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға оның интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберіледі.
Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың қорытындылары туралы Жер комиссиясының хаттамалық шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін. Сотқа өтініш беру жер комиссиясының хаттамалық шешімінің орындалуын тоқтата тұрады.