Хабарландыру

Хабарландыру

Сақтандыру компаниялары «сақтандыру өнімі бойынша қысқы дақылдарға арналған топырақ ылғалдылығының тапшылығы индексін (3 фаза) сақтандыруға өтінімдерді қабылдауды жүзеге асыруда. АӨК саласындағы Оператор - «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ болып табылады.

Осы сақтандыру өнімі бойынша сақтандыру сыйақысын 80% мөлшерінде субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау шаралары көзделген, яғни сақтандыру шарты бойынша фермердің төлемі сақтандыру құнының небәрі 20% құрайды.

Механизм фермердің электрондық цифрлық қолтаңбасының көмегімен «Agroinsurance» ақпараттық сервисінде онлайн режимде сақтандыруды көздейді.

2023 жылдан бастап аталған сақтандыру жүйесі Kezekte.kz. порталында жарияланған.

Осы жылы күздік дақылдар үшін топырақ ылғалдылығының тапшылығын сақтандыру келісімін осы жылдың 31 тамызына дейін жасасу қажет. Осы өнім бойынша сақтандыру қорғау кезеңі осы жылдың 15 қыркүйегінен келесі жылдың 30 маусымына дейін.

Мысалы, фермер 1000 га сақтандырды, шығындар нормасы 1 га-ға 80 000 теңге. Сақтандыру шартын жасасу кезінде сыйлықақы 3 840 000 теңгені (1000 га * 80 000 теңге * 4,8% сақтандыру тарифі) құрайды, оның ішінде 3 072 000 теңгені мемлекет субсидия түрінде төлейді (80%) және 768 000 (20%) теңгені фермер төлейді.

Сақтандыру жағдайы басталған кезде ең жоғары сақтандыру төлемі 38 400 000 теңгені құрайды (1000*80000*48%), бұл күздік дақылдарды сақтандыру шарты бойынша сақтандыру құнының 48% ең жоғары мөлшеріне сәйкес келеді

Қосымша ақпаратты сайттан алуға болады https://agrocredit.kz/ru/main/our-activities/agrostrakhovanie / немесе телефондар арқылы: +7 (701) 006 12 54, +7 (701) 006 15 38, +7 (701) 921 36 66.