«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» КММ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 137 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларының 18-тармағына сәйкес осы жылдың егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы құрылымдарына дизель отынын жеткізу жөніндегі әлеуетті операторлардан өтінімдер қабылдауды жүргізеді.
Дизель отынын жеткізуші әлеуетті операторлардан өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 5-13 шілде аралығында - Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Парк көшесі 57В, пошталық индексі 150011, телефоны – 53-36-99, электрондық мекенжайы: dsh@sqo.gov.kz.
Дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындауға қатысуға арналған өтінім ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес қатаң түрде толтырылады.
17-тармаққа сәйкес өтінімге келесі құжаттарды қоса ұсыну қажет:
1) өтінім
2) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отынын сатып алу,
жеткізіп беру, сақтау және жеткізу жөніндегі қызметтер үшін үстеме бағаның жалпы сомасын көрсетілген баға ұсынысы;
3) кемінде екі жыл Қазақстан Республикасының ішкі нарығында мұнай өнімдерін өткізу тәжірибесінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;
4) дизель отынының қажетті көлемін сатып алу үшін әлеуетті оператордың
шотында ақшалай қаражаттың не кредиттік қаражаттың болуы туралы банктен анықтама;
5) әлеуетті операторға қызмет көрсетілетін банктің уәкілетті тұлғаның қолы қойылған және анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам уақытқа созылатын әлеуетті оператордың міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша банк алдындағы мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы мөрі бар (бар болса) анықтамасы (егер әлеуетті оператор бірнеше екінші деңгейдегі банктердің клиенті болып табылған жағдайда, мұндай анықтама өтінім берілетін күннің алдындағы бір айдан кейін берілген осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады);
6) өтінім берілген күнге дейін күнтізбелік бес күннен кейін берілген салық берешегінің жоқтығын куәландыратын құжат;
7) мұнай өнімдері базасына немесе резервуарға тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама не мұнай өнімдері базасын немесе резервуарды жалдау шартының көшірмесі;
8) мұнай өнімдерінің немесе резервуардың базасы бойынша ұсынылатын құжаттар (әлеуетті операторда меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде бар):
мұнай өнімдері базасының жай-күйі және техникалық жарақтандырылуы
туралы ақпарат:
9) көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу кезеңінде демалыс және мереке күндері дизель отынын босату туралы келісім-хат;
10) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде дизель отынын ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге жеткізуге арналған цистернасы бар автомашинаның (бензин тасымалдаушының) болуын растайтын құжаттың көшірмесі;
11) мұнай базаларының орналасу схемасы.
12) тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатқа сәйкес дизель отынын тасымалдау үшін электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулін қолдану туралы растау.
Осы тармақтың бірінші бөлігіндегі 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларда көзделген талаптар ресурс ұстаушыдан дизель отынын өз бетінше сатып алу туралы шешім қабылдаған ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге қолданылмайды.
Комиссия отырысының өткізілетін күні мен уақыты мен орны туралы әлеуетті операторларға және комиссия мүшелеріне жеке тәртіппен қосымша хабарланатын болады (хабардар етіледі).
Дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындауға қатысуға өтінім
|
|
Ауыл шаруашылығы |
Нысан
Дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындауға қатысуға өтінім
(заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
атынан ______________________________________________________________
(бірінші басшының не өкілеттігін растайтын тиісті құжаттың негізінде уәкілетті тұлғаның лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Атынан дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторды айқындау жөніндегі рәсімдерге қатысуға жіберуді сұраймын.
Заңды тұлға үшін:
атауы ________________________________________________
бизнес сәйкестендіру нөмірі ____________________________________________
басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ______________________________
мекенжайы: __________________________________________________________ телефон нөмірі (факс), электрондық почта: ________________________________
Жеке тұлға үшін:
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ________________________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі ______________________________________________
жеке басын куәландыратын құжат:
нөмірі _______________________________________________________________
кім берді ____________________________________________________________
берілген күні _________________________________________________________
мекенжайы:__________________________________________________________
телефон нөмірі (факс), электрондық почта: ________________________________
Жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталуы туралы хабарлама – жеке тұлға үшін:
орналасқан жері ______________________________________________________
хабарлама күні _______________________________________________________
Өтінімге қоса берілетін құжаттардың атауы:
_________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анық емес мәліметтерді ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.
Өтініш берушінің немесе оның өкілінің қолы
_________________________________________________________________
Өтінім берілген күн: 20__ жылғы __________________