Мемлекет басшысы "Дайындық Агро" ЖШС егіс алаңдарын аралап, көктемгі егіс науқанының барысымен танысты

Мемлекет басшысы "Дайындық Агро" ЖШС егіс алаңдарын аралап, көктемгі егіс науқанының барысымен танысты

Биыл облыс бойынша 4,5 миллион гектар жерге егін егіледі, оның ішінде 3,2 миллион гектарға – дәнді, дәнді-бұршақты дақылдар, 960 мың гектарға – майлы дақылдар, 353 мың гектарға – мал азығын, 34,1 мың гектарға – картоп, 6,2 мың гектарға – басқа да көкөніс түрлерін егу жоспарланған. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін егістік алқаптарын әртараптандырып, әлеуметтік маңызы бар дақылдарды көбірек егу мәселесіне ұдайы назар аударылады. Соңғы жылдары облыста қарақұмық егу 3 есе, картоп, сәбіз, орамжапырақ секілді көкөністер алқабы шамамен 1,5-2 есе артқан.