Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен СҚО-да болды

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен СҚО-да болды

Жұмыс сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев "Қызылжар Сүт" фермасымен танысты. Президентке сауу цехы мен бордақылау алаңы көрсетілді, сондай-ақ осы кешенде қолданылатын сүт өндіру технологиясы таныстырылды.

Президент Солтүстік Қазақстан өңірінде мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін ұлғайту үшін барлық мүмкіндіктер бар екенін атап өтті.

– Біз мұндай өндірістерді қолдайтынымыз сөзсіз. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы берілетін жеңілдетілген несиелеу өзін ақтайды. Қаржыландыру тұрғысынан бұл жерде ешқандай проблемалар болмайды. бүкіл ел бойынша отандық сүт өнімдерімен өзін – өзі қамтамасыз етуге толық көшуіміз керек, — деп атап өтті Мемлекет басшысы.