«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» КММ 2022 жылғы көктемгi дала жұмыстарын жүргiзуге облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерiне арзандатылған дизель отынын жеткiзу бойынша Операторлардың өтiнiмдерiн қабылдауды жүргiзедi. Операторларға қойылатын талаптар «Атамекен» ҰКП ұсынымдарына сәйкес мынадай мiндеттi құжаттарды ұсыну:
- МӨЗ мұнай базасына дейiн отынды тасымалдау бойынша есеп (шығындар калькуляциясы), мұнай базасы мен АЖС босату бағасын көрсете отырып, ЖЖМ операторының коммерциялық ұсыныстары;
- салық қызметтерiнен бюджет алдындағы берешегiнiң болмауы туралы анықтама;
- мерзiмi өткен кредиторлық берешектiң болмауы туралы банктiң анықтамасы;
- бөлiнген дизель отынын толық көлемде сатып алу үшiн жеткiлiктi сомада оператордың банктiк шотынан қаржы қаражатының болуы туралы үзiндi көшiрме не екiншi деңгейдегi банктен кредит желiсiн ашу туралы ниет хаты;
- облыс аумағында мұнай өнiмдерiн сақтау және босату үшiн меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде мұнай базаларының болуы;
- қажет болған жағдайда дизель отынын АШТӨ уақытылы жеткiзу үшiн меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде бензин тасушылардың болуы;
- автожанармай құю станцияларының болуы және АШТӨ үшiн дизель отынын талон жүйесi бойынша босату жөнiндегi келiсiм;
- әлеуеттi Оператор әрбiр АШТӨ бөлiнiсiнде дизель отынын iрiктеу туралы облыстардың ауыл шаруашылығы басқармасына күн сайын ақпарат беруге мiндеттi;
- дала жұмыстары кезеңiнде демалыс және мереке күндерi дизель отынын босату туралы келiсiм-хат.