Меню

Страницы

Статья

Ауыл шаруашылығының дамуы туралы (2022 ж. 6 ай)

Солтүстік Қазақстан облысы жерінің жалпы ауданы 9,8 млн. га құрайды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 7,3 млн. га немесе облыс аумағының 74% құрайды, оның ішінде егістік жерлер 4,9 млн. га, жайылымдар 2 млн. га.

Қордағы жерлер 599 мың га, оның ішінде егістік жер 8,6 мың га, тыңайған жерлер 33,3 мың га және жайылымдық жерлер 366,9 мың га бар.

Облыс экономикасының құрылымында агроөнеркәсіптік кешен жалпы өңірлік өнімнің төрттен бір бөлігін (30,3%) алады (СҚО ЖӨӨ — 1178 млрд.теңге, СҚО АӨК ЖӨӨ — 356 млрд. теңге).

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісімен 5,7 мың ауыл шаруашылығы құрылым айналысады (1,4 мың ЖШС және 4,3 ШҚ,ФШ).

Ағымдағы жылдың 6 айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 105,5 млрд. теңгені құрады, өсім 5,8% (өсімдік шаруашылығы 15,9 млн. теңге, НКИ 100%, мал шаруашылығы 104 млрд. теңге, НКИ 105,9%).

Инвестициялар ағыны 77 млрд. теңге.

АӨК бір қызметкерге шаққандағы еңбек өнімділігі 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында 301,8 мың теңге.

Өсімдік шаруашылығы.

Биылғы жылы алдын ала мәліметтерге сәйкес егін алқабы 4,3 млн. га құрайды.

Жыл басынан бері 67,4 млрд. теңгеге 2424 бірлік техника сатып алынды.

Облыс бойынша астықты сақтау көлемі 6,6 млн. тонна.

Мал шаруашылығы.

Ағымдағы жылдың басынан бері ет өндірісі 40,5 мың тонна, сүт өндірісі 294 мың тонна, жұмыртқа 345,6 млн.дананы құрады.

Ірі қара мал басы 3,9%-ға (514,7 мың бас), жылқы басы 6,5%-ға (192,5 мың бас), қой мен ешкі басы 3,1%-ға (642,7 мың бас), шошқа басы 13%-ға (281,7 мың бас) ,құс басы 4%-ға (5390,3 мың бас)артты.

Сүт шаруашылығы.

Облыста сүт өндірісімен 90 астам шаруашылық айналысады (29 заманауи сүт кешені).

Биылғы жылы 11 заманауи сүт тауарлы кешендерінің құрылысы жүргізілуде.

Қолда бар мал басын көбейту үшін ағымдағы жылы Ресейден және Еуропа елдерінен 1549 бас асыл тұқымды ІҚМ төлі әкелінді.

Шошқа шаруашылығы.

«EMC-Агро» ЖШС жұмыс істеп тұрған шошқа кешенінің қуатын 100 мыңнан 200 мың басқа дейін арттыру үшін қосымша үй-жайлардың құрылысы басталатын болады.

Құс шаруашылығы.

Етті құс шаруашылығын дамыту үшін жылына 16 мың тонна бройлер етін өндіретін 3 бройлер құс фабрикасын салу жоспарлануда.

Тамақ өнімдерін өндіру.

Облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында 90 астам кәсіпорын жұмыс істейді.

2022 жылғы қаңтар-наурыз тамақ өнімдері өндірісінің облыстық көлемі ақшалай мәнде 47 млрд.теңгені құрады, нақты көлем индексі 113,4%.

Азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорындар өнеркәсіп өндірісінің облыстық көлемінің 48%-ын және өңдеу өнеркәсібінің 65%-ын өндірді.

Азық-түлік өнімдерін өндіру көлеміндегі негізгі үлесті: сүт саласы 32% (15,3 млрд. теңге), астық өңдеу саласы 26% (12 млрд. теңге), май-тоң саласы 14% (7 млрд. теңге), нан-тоқаш және ұн өнімдері 12% (6 млрд. теңге), ет өңдеу саласы 6% (2,6 млрд. теңге), өзге де өнімдер өндірісі 9,3% (4,3 млрд. теңге).

Статистика департаментінің деректері бойынша 2022 жылғы қаңтар-наурыз айларында:

  • ұн 92,8 мың тонна, бұл өткен жылғы деңгейден 35%-ға артық,
  • сүт және кілегей 46,9 мың тонна, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1%-ға артық,
  • сары май 864 тонна, өткен жылдың деңгейінен 10,5%-ға артық,
  • ірімшік пен сүзбе 806 тонна, бұл өткен жылдың деңгейінен 28%-ға артық;
  • құрғақ сүт 12 тонна;
  • жарма 1,1 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың деңгейінен 2 есеге артық.
  • макарон өнімдері 6,2 мың тонна, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16 пайызға артық.
  • 296 тонна шұжық өнімдері, бұл өткен жылмен салыстырғанда 21 пайызға артық.

АӨК өнімдерінің тауар айналымы.

Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметтері бойынша 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің сыртқы сауда айналымы 88,1 млн. АҚШ долларына дейін құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен (60,4 млн. АҚШ доллары) 46%-ға артық.

Оның ішінде экспорт 64,3 млн АҚШ долларын (164 мың тонна) құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33%-ға артық (48,3 млн. АҚШ доллары, 151,5 мың тонна).

Ағымдағы жылы мемлекеттік қолдау көлемі 44,5 млрд.теңге.

Дата публикации
12 августа 2022
Дата обновления
04 сентября 2025
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы