Солтүстік Қазақстан облысы жерінің жалпы ауданы 9,8 млн. га құрайды.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 7,3 млн. га немесе облыс аумағының 74% құрайды, оның ішінде егістік жерлер 4,9 млн. га, жайылымдар 2 млн. га.
Қордағы жерлер 611 мың га, оның ішінде егістік жер 8,7 мың га, тыңайған жерлер 29,1 мың га және жайылымдық жерлер 378,9 мың га бар.
Облыс экономикасының құрылымында агроөнеркәсіптік кешен жалпы өңірлік өнімнің төрттен бір бөлігін (27,3%) алады (СҚО ЖӨӨ — 1787,6 млрд. теңге, СҚО АӨК ЖӨӨ — 488 млрд. теңге).
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісімен 5,7 мың ауыл шаруашылығы құрылым айналысады (1,3 мың ЖШС және 4,4 ШҚ,ФШ).
Ағымдағы жылдың 4 айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 56,2 млрд. теңгені құрады, өсім 8,9% (өсімдік шаруашылығы 12,2 млн. теңге, НКИ 100 , мал шаруашылығы 55,8 млрд. теңге, НКИ 109%).
Инвестициялар ағыны 32,3 млрд. теңге.
АӨК бір қызметкерге шаққандағы еңбек өнімділігі 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 5,1 млн. теңге.
Өсімдік шаруашылығы.
Биылғы жылы алдын ала мәліметтерге сәйкес егін алқабы 4,3 млн. га құрайды.
Жыл басынан бері 19,2 млрд. теңгеге 877 бірлік техника сатып алынды.
Облыс бойынша астықты сақтау көлемі 6,6 млн. тонна.
Мал шаруашылығы.
Ағымдағы жылдың басынан бері ет өндірісі 28,7 мың тонна, сүт өндірісі 136 мың тонна, жұмыртқа 213,7 млн.дананы құрады.
Ірі қара мал басы 3,3%-ға (515,4 мың бас), жылқы басы 7,3%-ға (160,7 мың бас), қой мен ешкі басы 3,5%-ға (511 мың бас), шошқа басы 14%-ға (247,6 мың бас) ,құс басы 4,6%-ға (4251,9 мың бас)артты.
Сүт шаруашылығы.
Облыста сүт өндірісімен 90 астам шаруашылық айналысады (29 заманауи сүт кешені).
Биылғы жылы 11 заманауи сүт тауарлы кешендерінің құрылысы жүргізілуде.
Қолда бар мал басын көбейту үшін ағымдағы жылы Ресейден және Еуропа елдерінен 635 бас асыл тұқымды ІҚМ төлі әкелінді.
Шошқа шаруашылығы.
«EMC-Агро» ЖШС жұмыс істеп тұрған шошқа кешенінің қуатын 100 мыңнан 200 мың басқа дейін арттыру үшін қосымша үй-жайлардың құрылысы басталатын болады.
Құс шаруашылығы.
Тамақ өнімдерін өндіру.
Етті құс шаруашылығын дамыту үшін жылына 6 мың тонна бройлер етін өндіретін 2 бройлер құс фабрикасын салу жоспарлануда.
2021 жылы статистика департаментінің деректеріне сәйкес ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында 90 астам кәсіпорын жұмыс істейді.
2022 жылғы қаңтар-сәуір тамақ өнімдері өндірісінің облыстық көлемі ақшалай мәнде 62,6 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 107%.
Азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорындар 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында өнеркәсіп өндірісінің облыстық көлемінің 45%-ын және өңдеу өнеркәсібінің 60%-ын өндірді.
Азық-түлік өнімдерін өндіру көлеміндегі негізгі үлесті: сүт саласы 33% (20,6 млрд. теңге), астық өңдеу саласы 25% (15,8 млрд. теңге), май-тоң саласы 14% (8,6 млрд. теңге), нан-тоқаш және ұн өнімдері 12% (3,7 млрд. теңге), ет өңдеу саласы 6% (3,7 млрд. теңге), өзге де өнімдер өндірісі 9,6% (6 млрд. теңге).
Статистика департаментінің деректері бойынша 2022 жылғы қаңтар-наурыз айларында:
АӨК өнімдерінің тауар айналымы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметтері бойынша 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің сыртқы сауда айналымы 139,6 млн. АҚШ долларына дейін құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен (91,9 млн. АҚШ доллары) 52%-ға артық.
Оның ішінде экспорт 106,2 млн. АҚШ долларын (278,9 мың тонна) құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 54%-ға артық (68,9 млн. АҚШ доллары, 214,9 мың тонна).
Ағымдағы жылы мемлекеттік қолдау көлемі 69,4 млрд. теңге.
Мал шаруашылығы
2025 жылдың қаңтар–қазан айларында ет өндірісі 2,2%-ға (68,5 мың тонна), сүт өндірісі 2,5%-ға (334,9 мың тонна), жұмыртқа өндірісі 5,1%-ға (530,0 млн дана) артты.
Барлық санаттағы шаруашылықтарда ұсақ мал – 3,9%-ға (366,6 мың бас), жылқы – 5,2%-ға (128,8 мың бас), шошқа – 2,5%-ға (144,5 мың бас), құс – 8,8%-ға (3 593,5 мың бас) көбейді, ірі қара мал басы 0,2%-ға (270,2 мың бас) азайды.
Облыста 110-нан астам агроқұрылымдар сүт өндірумен айналысады, оның ішінде 42 заманауи сүт-тауарлы кешен бар.
2025 жылға жалпы 21 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған, олардың ішінде 13 сүт-тауарлы ферма бар, онда 10 мыңнан астам сиыр ұсталып, жылына 65 мың тонна сүт өндірілмек.
Ерекше назар «Зенченко и К» КТ секілді ірі жобаларды жүзеге асыруға аударылуда – кәсіпорында 8 мың басқа арналған сүт фермасы салынуда. Фермада 90 басқа арналған «Карусель» типті сауу жабдығы орнатылады және жасанды интеллект элементтері бар цифрлық технологиялар енгізіледі.
Магжан Жұмабаев ауданының аумағында «СК Агро – 2050» ЖШС ферма құрылысын іске асыруда, онда Орталық Азиядағы ең ірі 100 басқа арналған «Карусель» сауу қондырғысы орнатылады.
Қолдағы мал басын арттыру мақсатында биыл Ресей мен Еуропа елдерінен 1 433 бас асыл тұқымды ірі қара мал әкелінді.
2025 жылғы тамыз айынан бастап өңірде бордақылау алаңдарын айналым қаражатын толықтыру үшін жылдық 5% жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы іске асырылуда.
Облыста 9,3 мың бас асыл тұқымды ет бағытындағы ірі қара мал ұстайтын 677 шаруашылық жұмыс істейді, оның ішінде 64 шаруашылықта 39,1 мың бас асыл тұқымды мал бар (негізгі тұқымдар: қазақтың ақбас сиыры, абердин-ангус, герефорд, әулиекөл, қалмақ тұқымы).
Өңірде шошқа шаруашылығымен «ЕМС-Агро» ЖШС айналысады, оған жалпы шошқа санының 64%-ы тиесілі. Жеке қосалқы шаруашылықтарға – 30%, агроқұрылымдарға – 6% келеді.
Қой шаруашылығымен 525 шаруашылық айналысады, жалпы мал басы – 106,4 мың бас, оның ішінде 29,6 мың бас – асыл тұқымды.
Ағымдағы жылдың басынан бері өңірге 3,2 мың бас асыл тұқымды еділбай қойы әкелінді (2024 жылы – 3,0 мың бас), бұл тұқым сапасын жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыстың жалғасып жатқанын көрсетеді.
2025 жылы қой шаруашылығын дамыту аясында келесі инвестициялық жобалар іске асырылуда: «Екпин 2002» ЖШС қой фермасын 10 мың басқа дейін кеңейту және «АМАНАТ» ШҚ мал басын 15 мың басқа дейін ұлғайту.
Құс шаруашылығы.
Облыста 9 құс фабрикасы қызмет етеді, олардың 3-еуі – ет бағытында, 6-ауы – жұмыртқа бағытында. Ағымдағы жылдың басынан бері 6 мың тоннадан астам құс еті және шамамен 500 млн дана жұмыртқа өндірілді.
Импортты алмастыру мақсатында өңірде жылына 10 мың тонна құс еті өндіретін «Петропавловский бройлер» ЖШС ет бағытындағы құс фабрикасының құрылысы жүргізілуде. Жобаның жүзеге асырылуы отандық өнім өндірісінің көлемін айтарлықтай арттырып, елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді.