Меню

Страницы

Статья

2021 жылғы қаңтар-желтоқсан айларына арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ауыл шаруашылығын дамыту туралы ақпарат

Солтүстік Қазақстан облысы жерінің жалпы ауданы 9 млн. 804 мың га құрайды.Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 7 млн. 290 мың га немесе облыс аумағының 73% құрайды, оның ішінде егістік жерлер 4 млн. 935 мың га, жайылымдар 2 млн. 039 мың га. Қордағы жерлер 625 мың га, оның ішінде егістік жер 10 мың га, тыңайған жерлер 39 мың га және жайылымдық жерлер 382 мың га бар.

Облыс экономикасының құрылымында агроөнеркәсіптік кешен жалпы өңірлік өнімнің төрттен бір бөлігін (27,9%) алады (СҚО ЖӨӨ — 1556,2 млрд.теңге, СҚО АӨК ЖӨӨ — 433,9 млрд. теңге).

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісімен 5,7 мың ауыл шаруашылығы құрылым айналысады (1,3 мың ЖШС және 4,4 ШҚ,ФШ).

Ағымдағы жылдың 12 айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 895 млрд. теңгені құрады (өсімдік шаруашылығы 677 млрд. теңге, мал шаруашылығы 215 млрд. теңге).

Инвестициялар ағыны НКИ 124,9% кезінде 160,8 млрд. теңге.

АӨК бір қызметкерге шаққандағы еңбек өнімділігі 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 4 455,3 мың теңге немесе 102,9% құрады.

Өсімдік шаруашылығы.

Биылғы жылы алдын ала мәліметтерге сәйкес егін алқабы 4,3 млн. га құрайды.

Жыл басынан бері 67,5 млрд. теңгеге 2,4 мың бірлік техника сатып алынды.

Облыс бойынша астықты сақтау көлемі 6,6 млн. тонна.

Мал шаруашылығы.

Ағымдағы жылдың басынан бері ет өндірісі 105,5 мың тонна, сүт өндірісі 635,2 мың тонна, жұмыртқа 552,9 млн.дананы құрады.

Ірі қара мал басы 3,2%-ға (389,9 мың бас), жылқы басы 7%-ға (145,2 мың бас), қой мен ешкі басы 3,4%-ға (447,9 мың бас), шошқа басы 7,9%-ға (194,5 мың бас), құс басы 28,5%-ға (3996,5 мың бас) артты.

Сүт шаруашылығы.

Облыста сүт өндірісімен 90 астам шаруашылық айналысады (21 заманауи сүт кешені).

Биылғы жылы 16 заманауи сүт тауарлы кешендерінің құрылысы жүргізілуде.

Етті мал шаруашылығын дамыту үшін 13 мың жемдеу орнына 2 ірі бордақылау алаңдарын ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Қолда бар мал басын көбейту үшін ағымдағы жылы Ресейден және Еуропа елдерінен 3267 бас асыл тұқымды ІҚМ төлі әкелінді.

Шошқа шаруашылығы. «EMC-Агро» ЖШС жұмыс істеп тұрған шошқа кешенінің қуатын 50 мыңнан 100 мың басқа дейін арттыру үшін қосымша үй-жайлардың құрылысы аяқталды.

Құс шаруашылығы.

Етті құс шаруашылығын дамыту үшін қуаттылығы жылына 6 мың тонна бройлер етін өндіретін 2 бройлер құс фабрикасын салу жоспарланған.

Тамақ өнімдерін өндіру.

2021 жылы статистика департаментінің деректеріне сәйкес ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында 70 астам кәсіпорын жұмыс істейді.

2021 жылғы қаңтар-желтоқсан тамақ өнімдері өндірісінің облыстық көлемі ақшалай мәнде 157,6 млрд.теңгені құрады, нақты көлем индексі 100,5%.

Азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорындар 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында өнеркәсіп өндірісінің облыстық көлемінің 43%-ын және өңдеу өнеркәсібінің 57%-ын өндірді.

Азық-түлік өнімдерін өндіру көлеміндегі негізгі үлесті: сүт саласы 38,5% (60,6 млрд. теңге), астық өңдеу саласы 20,6% (32,4 млрд. теңге), май-тоң саласы 13,7% (21,6 млрд. теңге), нан-тоқаш және ұн өнімдері 11% (17,3 млрд. теңге), ет өңдеу саласы 6% (9,3 млрд. теңге), өзге де өнімдер өндірісі 10,4% (16,4 млрд. теңге).

Статистика департаментінің деректері бойынша 2021 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында:

  • сүт және кілегей 192416 тонна өткен жылмен салыстырғанда 2% – ға артық (2020 жыл — 189400 тонна);
  • сары май 4159 тонна өткен жылғы деңгейден 4%-ға артық, (2020 жыл 4001 тонна);
  • ірімшік және сүзбе 3469 тонна өткен жылмен салыстырғанда 41% артық (2020 жыл — 2469 тонна);
  • ашыған сүт өнімдері 15634 тонна бұл өткен жылдың деңгейінен 6%-ға артық (2020 жылы – 14749 тонна);
  • жарма – 1787 тонна өткен жылғы деңгейден 20%-ға артық (2020 жыл — 1485 тонна)
  • консервіленген ет – 71 тонна өткен жылғы деңгейден 48%-ға артық (2020 жыл — 48 тонна)

АӨК өнімдерінің тауар айналымы.

Ұлттық статистика бюросы мен ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша 2021 жылғы қаңтар-қараща Солтүстік Қазақстан облысында АӨК өнімдерінің сыртқы сауда айналымы 331,7 млн. АҚШ долларын құрады, өсім 26,4% (262,4 млн. АҚШ доллары).

Оның ішінде экспорт 237,7 млн. АҚШ доллары сомасына 751,7 мың тонна өнімді құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінің көлемінен 26,3%-ға артық (188,2 млн. АҚШ доллары сомасына 684,6 мың тонна).

Ағымдағы жылы мемлекеттік қолдау көлемі 53,8 млрд. теңгені құрайды.

Дата публикации
18 февраля 2022
Дата обновления
18 февраля 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы