Солтүстік Қазақстан облысы жерінің жалпы ауданы 9 млн. 804 мың га құрайды.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 7 млн. 290 мың га немесе облыс аумағының 73% құрайды, оның ішінде егістік жерлер 4 млн. 935 мың га, жайылымдар 2 млн. 039 мың га.
Қордағы жерлер 625 мың га, оның ішінде егістік жер 10 мың га, тыңайған жерлер 39 мың га және жайылымдық жерлер 382 мың га бар.
Облыс экономикасының құрылымында агроөнеркәсіптік кешен жалпы өңірлік өнімнің төрттен бір бөлігін (27,9%) алады (СҚО ЖӨӨ — 1556,2 млрд.теңге, СҚО АӨК ЖӨӨ — 433,9 млрд. теңге).
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісімен 5,7 мың ауыл шаруашылығы құрылым айналысады (1,3 мың ЖШС және 4,4 ШҚ,ФШ).
Ағымдағы жылдың 7 айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 124,9 млрд. теңгені құрады, өсім 1,7% (өсімдік шаруашылығы 8 млрд. теңге, НКИ 106,5 %, мал шаруашылығы 115,5 млрд. теңге, НКИ 101,4%).
Инвестициялар ағыны НКИ 142% кезінде 91,9 млрд. теңге.
АӨК бір қызметкерге шаққандағы еңбек өнімділігі 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 4 455,3 мың теңге немесе 102,9% құрады.
Өсімдік шаруашылығы.
Биылғы жылы алдын ала мәліметтерге сәйкес егін алқабы 4,3 млн. га құрайды.
Жыл басынан бері 37,6 млрд. теңгеге (7 ай) 1,6 мың бірлік техника сатып алынды.
Облыс бойынша астықты сақтау көлемі 6,6 млн. тонна.
Мал шаруашылығы.
Ағымдағы жылдың басынан бері ет өндірісі 51,6 мың тонна, сүт өндірісі 375 мың тонна, жұмыртқа -280,3 млн.дананы құрады.
Ірі қара мал басы 4%-ға (448,3 мың бас), жылқы басы 3,6%-ға (153,1 мың бас), қой мен ешкі басы 2,9%-ға (501,9 мың бас), шошқа басы 3,6%-ға (223,7 мың бас) артты.
Сүт шаруашылығы.
Облыста сүт өндірісімен 90 астам шаруашылық айналысады (23 заманауи сүт кешені).
Биылғы жылы 16 заманауи сүт тауарлы кешендерінің құрылысы жүргізілуде.
Етті мал шаруашылығын дамыту үшін 13 мың жемдеу орнына 2 ірі бордақылау алаңдарын ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Қолда бар мал басын көбейту үшін ағымдағы жылы Ресейден және Еуропа елдерінен 2171 бас асыл тұқымды ІҚМ төлі әкелінді.
Шошқа шаруашылығы.
«EMC-Агро» ЖШС жұмыс істеп тұрған шошқа кешенінің қуатын 50 мыңнан 100 мың басқа дейін арттыру үшін қосымша үй-жайлардың құрылысы аяқталуда.
Құс шаруашылығы.
Етті құс шаруашылығын дамыту үшін қуаттылығы жылына 6 мың тонна бройлер етін өндіретін 2 бройлер құс фабрикасын салу жоспарланған.
Тамақ өнімдерін өндіру.
2021 жылы статистика департаментінің деректеріне сәйкес ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында 70 астам кәсіпорын жұмыс істейді.
2021 жылғы қаңтар-шілдеде тамақ өнімдері өндірісінің облыстық көлемі ақшалай мәнде 91,2 млрд.теңгені құрады, нақты көлем индексі 106,8%.
Азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорындар 2021 жылдың қаңтар-сәуір айларында өнеркәсіп өндірісінің облыстық көлемінің 47%-ын және өңдеу өнеркәсібінің 63%-ын өндірді.
Азық-түлік өнімдерін өндіру көлеміндегі негізгі үлесті: сүт саласы 38,2% (34,8 млрд. теңге), астық өңдеу саласы 21,9% (20 млрд. теңге), май-тоң саласы 12,3% (11,2 млрд. теңге), нан-тоқаш және ұн өнімдері 12,6% (11,5 млрд. теңге), ет өңдеу саласы 6 % (5,5 млрд. теңге), өзге де өнімдер өндірісі 9% (8,2 млрд. теңге).
Статистика департаментінің деректері бойынша 2021 жылғы қаңтар-шілде айларында:
-ұн 176,2 мың тонна, бұл өткен жылғы деңгейден 17,7%-ға артық,
-сүт және кілегей 115,7 мың тонна, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8%-ға артық,
-сары май 2,3 мың тонна, өткен жылдың деңгейінен 2%-ға артық,
- ірімшік пен сүзбе 1,6 мың тонна, өткен жылдың деңгейінен 21,4%-ға артық,
-ашыған сүт өнімі 8,8 мың тонна, өткен жылдың деңгейінен 4,2%-ға кем,
-сиыр етінен жасалған консервілер 447 тонна, өткен жылдың деңгейінен 4,2%-ға кем.
-жарма 1,3 мың тонна, өткен жылдың деңгейінен 42%-ға кем,
АӨК өнімдерінің тауар айналымы.
Ұлттық статистика бюросы мен ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша 2021 жылғы қаңтар-маусымда Солтүстік Қазақстан облысында АӨК өнімдерінің сыртқы сауда айналымы 184,7 млн. АҚШ долларын құрады, өсім 36,4% (135,4 млн. АҚШ доллары).
Оның ішінде экспорт 139,6 млн. АҚШ доллары сомасына 454,3 мың тонна өнімді құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінің көлемінен 31,5% - ға артық (95,9 млн. АҚШ доллары сомасына 345,3 мың тонна).
Ағымдағы жылы мемлекеттік қолдау көлемі 48,2 млрд. теңгені құрайды.