Меню

Страницы

Статья

Анықтама 2021 ж. 5 ай.

Солтүстік Қазақстан облысы жерінің жалпы ауданы 9 млн. 804 мың га құрайды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 7 млн. 290 мың га немесе облыс аумағының 73% құрайды, оның ішінде егістік жерлер 4 млн. 935 мың га, жайылымдар 2 млн. 039 мың га.

Қордағы жерлер 625 мың га, оның ішінде егістік жер 10 мың га, тыңайған жерлер 39 мың га және жайылымдық жерлер 382 мың га бар.

Облыс экономикасының құрылымында агроөнеркәсіптік кешен жалпы өңірлік өнімнің төрттен бір бөлігін (27,9%) алады (СҚО ЖӨӨ — 1556,2 млрд.теңге, СҚО АӨК ЖӨӨ — 433,9 млрд. теңге).

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісімен 5,7 мың ауыл шаруашылығы құрылым айналысады (1,3 мың ЖШС және 4,4 ШҚ,ФШ).

Ағымдағы жылдың 5 айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 65,7 млрд. теңгені құрады (өсімдік шаруашылығы 12 млрд. теңге, НКИ 100%, мал шаруашылығы 64,8 млрд. теңге, НКИ 98,9%).

Инвестициялар ағыны НКИ 138,2% кезінде 54,2 млрд. теңге.

АӨК бір қызметкерге шаққандағы еңбек өнімділігі 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 4 455,3 мың теңге немесе 102,9% құрады.

Өсімдік шаруашылығы.

Биылғы жылы алдын ала мәліметтерге сәйкес егін алқабы 4,3 млн. га құрайды.

Жыл басынан бері 24,3 млрд. теңгеге (2021 ж. 5 айы) 1,1 мың бірлік техника сатып алынды.

Облыс бойынша астықты сақтау көлемі 6,6 млн. тонна.

Мал шаруашылығы.

Ағымдағы жылдың басынан бері ет өндірісі 33,3 мың тонна, сүт өндірісі 201 мың тонна, жұмыртқа 146 млн. дананы құрады.

Ірі қара мал басы 3,9%-ға (498,7 мың бас), жылқы басы 1,6%-ға (179,8 мың бас), қой мен ешкі басы 3,4%-ға (615,4 мың бас), шошқа басы 5,5%-ға (229,7 мың бас) артты.

Сүт шаруашылығы.

Облыста сүт өндірісімен 90 астам шаруашылық айналысады (23 заманауи сүт кешені).

Биылғы жылы 16 заманауи сүт тауарлы кешендерінің құрылысы жүргізілуде.

Оны дамыту үшін 13 мың жемдеу орнына 2 ірі бордақылау алаңдарын ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Қолда бар мал басын көбейту үшін ағымдағы жылы Ресейден және Еуропа елдерінен 1734 бас асыл тұқымды ІҚМ төлі әкелінді.

Шошқа шаруашылығы.

«EMC-Агро» ЖШС жұмыс істеп тұрған шошқа кешенінің қуатын 50 мыңнан 100 мың басқа дейін арттыру үшін қосымша үй-жайлардың құрылысы басталды. 

Құс шаруашылығы.

Етті құс шаруашылығын дамыту үшін Петропавл қаласында «Петропавл бройлер» ЖШС бройлерлік құс фабрикасының құрылысы бойынша жобаны іске асыру басталады.

Тамақ өнімдерін өндіру.

2021 жылы статистика департаментінің деректеріне сәйкес ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында 70 астам кәсіпорын жұмыс істейді.

2021 жылғы қаңтар-мамыр тамақ өнімдері өндірісінің облыстық көлемі ақшалай мәнде 62,1 млрд.теңгені құрады, нақты көлем индексі 108,4%.

Азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорындар 2021 жылдың қаңтар-мамыр айларында өнеркәсіп өндірісінің облыстық көлемінің 46%-ын және өңдеу өнеркәсібінің 64%-ын өндірді.

Азық-түлік өнімдерін өндіру көлеміндегі негізгі үлесті: сүт саласы 37,5% (23,3 млрд. теңге), астық өңдеу саласы 20% (12,4 млрд. теңге), май-тоң саласы 15,1% (9,4 млрд. теңге), нан-тоқаш және ұн өнімдері 13% (8 млрд. теңге), ет өңдеу саласы 6,4% (4 млрд. теңге), өзге де өнімдер өндірісі 8% (5 млрд. теңге).

Статистика департаментінің деректері бойынша 2021 жылғы қаңтар-мамыр айларында:

  • ұн 117 581 мың тонна, бұл өткен жылғы деңгейден 19,1%-ға артық,
  • өсімдік майы 16900 тонна, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,1%-ға артық,
  • сүт және кілегей 78463 тонна, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,4%-ға артық,
  • сары май 1614 тонна, өткен жылдың деңгейінен 18,2%-ға артық,
  • ірімшік пен сүзбе 1119 тонна, өткен жылдың деңгейінен 33,4%-ға артық,
  • ашыған сүт өнімі 6204 тонна, өткен жылдың деңгейінен 5,7%-ға кем.

АӨК өнімдерінің тауар айналымы.

ҚР ҚМ Статистика департаменті мен Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша 2020 жылдың қаңтар-сәуір айларында Солтүстік Қазақстан облысында АӨК өнімінің сыртқы сауда айналымы 260,2 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңінен 3 есеге артық (84,4 млн.долларов США).

Соның ішінде экспорт 231,7 млн. АҚШ доллары сомасына 295,8 мың тонна өнімді құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінің көлемінен 33%-ға артық (59,4 млн. АҚШ доллары сомасына 223 мың тонна).

Ағымдағы жылы мемлекеттік қолдау көлемі 48,2 млрд. теңгені құрайды.

Дата публикации
23 июня 2021
Дата обновления
23 июня 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы