Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі ақпарат (29.10.2020 ж.)

Солтүстік Қазақстан облысы жерінің жалпы ауданы 9 млн. 804 мың га құрайды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 7 млн. 290 мың га немесе облыс аумағының 73% құрайды, оның ішінде егістік жерлер 4 млн. 935 мың га, жайылымдар 2 млн. 039 мың га.

Қордағы жерлер 625 мың га, оның ішінде егістік жер 10 мың га, тыңайған жерлер 39 мың га және жайылымдық жерлер 382 мың га бар.

Облыс экономикасының құрылымында агроөнеркәсіптік кешен жалпы өңірлік өнімнің төрттен бір бөлігін (25,5%) алады (СҚО ЖӨӨ — 1382,3 млрд.теңге, СҚО АӨК ЖӨӨ — 351,8 млрд. теңге).

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен 5,8 мың ауыл шаруашылығы құрылымдары айналысады (1,3 мың ЖШС және 4,5 ШҚ, ФШ).

Ағымдағы жылдың сегіз айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 4,3%-ға ұлғайды және 628,2 млрд. теңгені құрады (өсімдік шаруашылығы 485,6 млрд. теңге, НКИ 105%, мал шаруашылығы 139,9 млрд. теңге, НКИ 102,4%).

Инвестициялар ағыны НКИ 110,9% кезінде 87,3 млрд. теңге.

АӨК — дегі бір қызметкерге шаққандағы еңбек өнімділігі ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында 455 мың теңге немесе 109,5% құрады.

Өсімдік шаруашылығы.

ҚР Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес ағымдағы жылы егіс алаңы 4,3 млн. га құрады, оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты 2,9 млн. га, майлы дақылдар 922,6 мың га, картоп 32,9 мың га, көкөністер 6,2 мың га.

Қарақұмық, бұршақ дақылдары 2,5 есе 31,7%-ға өсті.

Жыл басынан бері 46,6 млрд. теңгеге 1,8 мың бірлік техника сатып алынды (26.10.2020 ж.).

Облыс бойынша астықты сақтау көлемі 6,6 млн. тонна.

Мал шаруашылығы.

Ағымдағы жылдың басынан бері ет өндірісі 5%-ға (75,3 мың тонна), сүт өндірісі 5,3%-ға (496,9 мың тонна) ұлғайды.

Ірі қара мал басы 3,7%-ға (390,9 мың бас), жылқы басы 4,8%-ға (134,6 мың бас), қой мен ешкі басы 3,6%-ға (430,3 мың бас), шошқа басы 3,7%-ға (245,4 мың бас) артты.

Сүтті мал шаруашылығы.

Облыста сүт өндірісімен 90 астам шаруашылық айналысады (18 заманауи сүт кешені, оның 7 соңғы 2 жылда енгізілген).

Ағымдағы жылы 6 мың басқа арналған 10 заманауи сүт тауар кешенінің құрылысы басталды.

Жобаларды іске асыруға 14 млрд. теңгеден астам инвестиция салынады, объектілер толық қуатқа шыққан кезде қосымша жылына 30 мың тоннадан астам сүт өндірілетін болады, жылына 300 жаңа жұмыс орны ашылады.

Етті ірі қара мал өсіру.

Саланы дамыту үшін 1000 басқа арналған ет фермасы құрылуда, 13 мың бордақылау орнына 2 ірі бордақылау алаңын ұйымдастыру бойынша жұмыс басталды.

Қолда бар мал басын көбейту үшін ағымдағы жылы Ресейден және Еуропа елдерінен 2000 бас асыл тұқымды ІҚМ төлі әкелінді.

Шошқа шаруашылығы.

«EMC-Агро» ЖШС жұмыс істеп тұрған шошқа кешенінің қуатын 50 мыңнан 100 мың басқа дейін арттыру үшін қосымша үй-жайлардың құрылысы басталды.

Құс шаруашылығы.

Етті құс шаруашылығын дамыту үшін Петропавл қаласында «Петропавл бройлер» ЖШС бройлерлік құс фабрикасының құрылысы бойынша жобаны іске асыру басталады.

Тамақ өнімдерін өндіру.

2020 жылы статистика департаментінің деректеріне сәйкес ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында 80-нен астам кәсіпорын жұмыс істейді.

2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте тамақ өнімдері өндірісінің облыстық көлемі ақшалай мәнде 102,6 млрд.теңгені құрады, нақты көлем индексі 106,0%.

Азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорындар 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өнеркәсіп өндірісінің облыстық көлемінің 49%-ын және өңдеу өнеркәсібінің 65%-ын өндірді.

Азық-түлік өнімдерін өндіру көлеміндегі негізгі үлесті: сүт саласы 36,3% (37,2 млрд. теңге), астық өңдеу саласы 20,4% (20,9 млрд. теңге), нан-тоқаш және ұн өнімдері 13,9% (14,3 млрд. теңге), ет өңдеу саласы 7% (7,2 млрд. теңге), май өңдеу саласы 11,8% (12,1 млрд. теңге), өзге де өнімдер өндірісі 10,6% (12,1 млрд. теңге), (10,9 млрд. теңге).

Статистика департаментінің деректері бойынша 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте: ұн 217,7 мың тонна, бұл өткен жылғы деңгейден 7,7%-ға артық, өсімдік майы 34,9 мың тонна, бұл өткен жылмен салыстырғанда 19,8%-ға артық, сүт және кілегей 131,6 мың тонна. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,8%-ға артық, сары май 2 679 тонна, өткен жылдың деңгейінен 24,2%-ға артық, ірімшік пен сүзбе 1 445 тонна, өткен жылдың деңгейінен 9,1%-ға артық, макарон өнімдері 19 314 тонна, өткен жылдың деңгейінен 1,4%-ға артық, шұжық өнімдері 1154 тонна, өткен жылдың деңгейінен 24,5%-ға артық, құрғақ сүт 525 тонна, ет консервілері 28 тонна, бұл өткен жылдың деңгейінен 16,7%-ға артық.

АӨК өнімдерінің тауар айналымы.

ҚР ҚМ статистика департаменті мен Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында Солтүстік Қазақстан облысында АӨК өнімінің сыртқы сауда айналымы 168,2 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңінен 6,5%-ға артық. Оның ішінде экспорт 118,5 млн. АҚШ доллары сомасына 424,8 мың тонна өнімді құрады.

Ағымдағы жылы мемлекеттік қолдау көлемі 48,5 млрд. теңгені құрайды.

Дата публикации
30 октября 2020
Дата обновления
30 октября 2020
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы