Меню

Страницы

Статья

Қаңтар — сәуір айларында СҚО АӨК дамуы туралы анықтама

Солтүстік Қазақстан облысының жалпы жер көлемі – 9 млн. 804 мың га.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 7 млн. 290 мың га,   немесе облыс аумағының 74 %-ы, оның ішінде егістік жерлер – 4 млн 982 мың га, жайылымдар – 1 млн. 923 мың га.

Солтүстік Қазақстан облысында 4,1 мың ауыл шаруашылығы құрылымы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысады.

Облыс экономикасының құрылымында агроөнеркәсіптік кешен жалпы өңірлік өнімнің төрттен бір бөлігін (24,7%) алады (СҚО ЖӨӨ — 3054 млрд.теңге, СҚО АӨК ЖӨӨ — 752,7 млрд. теңге).

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен 4,1 мың ауыл шаруашылығы құрылымдары айналысады.

Облыс экономикасының құрылымында агроөнеркәсіптік кешен жалпы өңірлік өнімнің төрттен бір бөлігін (24,7%) алады (СҚО ЖӨӨ — 3054 млрд.теңге, СҚО АӨК ЖӨӨ — 752,7 млрд. теңге).

2026 жылғы қаңтар-сәуір айларында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 60 721,6 млн.теңгені құрады, НКИ 102,8 %, оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 700,8 млн. теңге, НКИ 99,8%, мал шаруашылығы – 58 425,3 млн. теңге, НКИ 102,9%.

АӨК саласына 61,5 млрд. теңге тартылды, оның ішінде ауыл шаруашылығына 50,4 млрд.теңге (2025 жылдың ұқсас кезеңінен 122,8%), тамақ өнімдерін өндіруге 11,09 млрд. теңге (2025 жылдың ұқсас кезеңінен 89,1%) тартылды.

ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ

2025 жылы дәнді дақылдардың жалпы түсімі 6 млн. тоннаны құрады, өнімділігі 19,7 ц/га (тазартудан кейінгі салмақ), майлы дақылдар – 1,3 млн. тонна, өнімділігі 13,8 ц/га, картоп – 128,1 мың тонна, өнімділігі 172,3 ц/га және көкөніс – 37,2 мың тонна, өнімділігі 354,8 ц/га.

2026 жылы облыс бойынша егіс алқабы 4,3 млн. га құрайды, оның ішінде: дәнді дақылдар – 2,9 млн. га, майлы дақылдар – 1000,0 млн. га, азықтық дақылдар – 405,0 мың га, картоп – 8,6 мың га, көкөністер – 1,4 мың га.

Осы жылы 400,3 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізу жоспарланып отыр. 2025 жылы 4,5 млн. га алқапқа 360,1 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізілді.

Жыл басынан бері аграршылар 27,6 млрд. теңгеге 701 техника сатып алды (оның ішінде ҚАФ арқылы 20,4 млрд. теңге лизингке 273 бірлік). Сатып алу қабілетін жақсарту шараларының бірі отандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингі бағдарламасы болды.

Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін мемлекет АМӨЗ-ден (Атырау мұнай өңдеу зауыты) бір литрі 281 теңге бағамен 58,7 мың тонна жеңілдікті дизель отынын бөлді.

Облыс бойынша биыл 56,8 мың тонна элиталық тұқым себілді және сортты жаңарту 12,5%-ды құрады.

Облыста астықтың сақталуын қамтамасыз ету үшін жалпы сақтау көлемі 6,9 млн. тонна болатын сыйымдылықтар бар, оның ішінде 45 астық қабылдау кәсіпорнында 3,2 млн. тонна және ауыл шаруашылығы құрылымдарында 3,7 млн. тонна, бұл өңірде астықтың сақталуын толық қамтамасыз етеді.

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

2026 жылғы қаңтар-сәуір айларында мал шаруашылығы өнімінің өндірісі 2025 жылғы деңгейден: тірі салмақтағы ет – 22,2 мың тоннаны, сүт – 100,8 мың тоннаны, жұмыртқа – 201 581,7 мың дананы құрады. Шаруашылықтардың барлық санатындағы мал басы:

  • ірі қара мал – 350,4 мың бас;
  • оның ішінде сиырлар – 159,9 мың бас;
  • қой мен ешкі – 465,4 мың бас;
  • жылқы – 172,7  мың бас;
  • шошқа – 173,5  мың бас;
  • құс – 3 468,9 мың бас.

Бүгінгі таңда облыста сүт өндірумен 118-ден астам агроқұрылым айналысады, оның ішінде 50 заманауи сүт кешені бар. Барлық жаңа сүт-тауарлы фермалар өнеркәсіптік болып табылады, мал басы 400-ден 1500 басқа дейін жетеді.

2023–2025 жылдары «СҚО тәжірибесін тарату» бағдарламасы аясында 44 инвестициялық жобаны іске асыруға 40,0 млрд теңге бөлінді (2023 ж. — 17,0 млрд теңге, 2024 ж. — 6,0 млрд теңге, 2025 ж. — 17,0 млрд теңге) (оның ішінде 32 сүт-тауарлы ферма, суару, қайта өңдеу, қой шаруашылығын, құс шаруашылығын және жылыжай шаруашылығын дамыту жөніндегі жобалар). Инвестициялардың жалпы көлемі 141,9 млрд теңгеге жетті, оның ішінде 28 жоба 80,2 млрд теңге сомасына іске асырылды.

2026 жылға республикалық бюджеттен 9 млрд. теңге көлемінде қаржыландыру көзделген. Осы қаржыландыру аясында 6 инвестициялық жобадан тұратын пул алдын ала қалыптастырылды.

2025 жылы жалпы саны 8,8 мың мал басы бар және қуаты жылына 53 мың тонна сүт болатын 8 сүт — тауарлы ферма пайдалануға берілді.

Барлық салынып жатқан фермалар жоғары генетикалық әлеуеті бар өнімділігі жоғары малмен толығуда. Облыста 62,5 мың бас асыл тұқымды ірі қара мал бар.

Осы жылдың басынан бастап импорттық 1580 бас ірі қара мал әкелінді.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІН ҚАЙТА ӨҢДЕУ

2026 жылғы қаңтар-сәуір айларында облыстық азық-түлік өндірісінің көлемі ақшалай түрде 129,2 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 105,7%.

Азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорындар облыстық өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 39%-ын және өңдеу өнеркәсібінің 47%-ын өндірді.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ

Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдау 2026 жылға 89,9 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде өсімдік шаруашылығы саласын дамытуға – 39,0 млрд.теңге, мал шаруашылығына – 8,3 млрд. теңге, басқа бағыттарға – 42,6 млрд. теңге.

Дата публикации
22 мая 2026
Дата обновления
22 мая 2026
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы