Меню

Страницы

Статья

Бірыңғай мемлекеттік ақпараттық субсидиялау жүйесі арқылы инвестициялық субсидиялау өтінімдерін беру туралы ақпарат

2022 жылы АӨК субъектісі инвестициялық салымдар кезінде шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуді субсидиялау бойынша көрсетілетін қызметті алушылар Qoldau.kz. ақпараттық жүйе арқылы 4731 өтінім берді (Оның ішінде 2798 өтінімді көрсетілетін қызметті беруші қабылдады, 634 өтінімді көрсетілетін қызметті алушылар дербес кері қайтарып алды, 1299 өтінімді субсидиялар алу үшін ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық установстігін немесе ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің (ауыл шаруашылығы кооперативінің) және (немесе) ұсынылған деректер мен субсидия алу үшін қажетті мәліметтердің сәйкессіздігін анықтауға байланысты көрсетілетін қызметті беруші қабылдамады).

Бағдарламаны іске асырған кезде 2022 жылы республикалық бюджеттен – 16,8 млрд. теңге субсидиялар төленген болатын.

Ағымдағы жылы республикалық бюджетте инвестициялық субсидияларға — 17,6 млрд. теңге, оның ішінде ауыл шаруашылығы техникасын субсидиялауға 13,1 млрд. теңге көзделген.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа жүйе — бірыңғай мемлекеттік ақпараттық субсидиялау жүйесі (бұдан әрі — БМАСЖ) енгізілді.

БМАСЖ gosagro.kz. веб-порталда субсидиялауға өтінімдерді ресімдеу кезінде әзірленді. Жүйе қызметтерді ақысыз негізде ұсынуға мүмкіндік береді

Барлық сұрақтар бойынша байланыс орталығына +7(7172) 67-71-17 телефон нөмірі бойынша немесе gosagro@minagri.gov.kz электрондық пошта арқылы хабарласуға болады, сондай-ақ телеграмм арқылы: https://t.me/gosagrokz.

Жүйе жаңа болып табылатындығын ескере отырып, күн сайын субсидиялаудың барлық бағыттары бойынша онлайн-демонстрациялар өткізіледі. Бұл ретте, әрбір көрсетілетін қызметті алушы әзірлеушілермен бірге нақты уақыт режимінде өтінім бере алады.

Сонда-ақ, Qoldau.kz бұрынғы порталдан ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларында төлеуді жүзеге асыру жоспарланып отырған «күту парағы» мәртебесі бар өтінімдер бойынша инвестициялық субсидиялау бойынша тарихи деректер алынды.

 БМАСЖ өтінім беру кезінде талап етілетін ақпаратты, оның ішінде жер учаскелері, ауыл шаруашылығы жануарлары, техника және арнайы көлік жөніндегі деректерді, кооператив мүшелері туралы мәліметтерді, сондай-ақ «егістік картасын» жүктеу үшін басқа мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланған. БМАСЖ бюджеттің болуына қарамастан өтінімге реттік нөмір бере отырып, «күту парағы» қағидаты іске асырылды. Бюджет фермер тарапынан қосымша іс-қимылсыз «күту парағында» өтінімдер кезектілігі бойынша бөлінетін болады.

Қолданыстағы субсидиялау қағидаларына сәйкес өтінімдерді қабылдауды бастау мерзімі-2023 жылғы 1 ақпаннан бастап. Бүгінгі таңда gosagro.kz Солтүстік Қазақстан облысының аграршылары инвестициялық субсидиялар алуға 200-ден астам өтінім берді.

Дата публикации
09 марта 2023
Дата обновления
09 марта 2023
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы