GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Құжаттар
Қызметі
Басқарма туралы
Басқарма туралы
Байланыс ақпараты
Байланыс ақпараты
Все материалы
20 октября 2026
АНОНС БЮДЖЕТ

003 «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бюджеттік паспорты «Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ашық бюджет» интернет-порталында жарияланды.

Аталған бюджеттік паспорты бойынша қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз.

🔗 Толығырақ сілтемеде: https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=4379571&budgetId=4370352&budgetState=PROJECT

 

001 «Жергілікті деңгейде мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік паспорты «Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ашық бюджет» интернет-порталында жарияланды.

Аталған бюджеттік паспорты бойынша қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз.

Толығырақ сілтемеде: https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=4379571&budgetId=4370352&budgetState=PROJECT

 

«Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы» КММ 015 «Мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн жер учаскелерiн алып қою, оның iшiнде сатып алу жолымен алып қою және осыған байланысты жылжымайтын мүлiктi иелiктен айыру» бойынша бюджетті паспорты бойынша «Ашық бюджет» интернет-порталында жарияланды.

Аталған бюджеттік паспорты бойынша қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз.

🔗 Толығырақ сілтемеде: https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=4379571&budgetId=4370271&budgetState=PROJECT

20 октября 2026
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ 9 АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ҚАРАЛДЫ

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Арман Сәбитовтың төрағалығымен денсаулық сақтау саласының 2026 жылғы 9 айдағы жұмысының қорытындысы бойынша алқа отырысы өтті.

Жиында денсаулық сақтау басқармасының есепті кезеңдегі жұмысы, медициналық қызметтер көрсету мен дәрілік заттардың айналымын бақылау, санитариялық-эпидемиологиялық ахуал және иммунопрофилактика, сондай-ақ, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қызметінің қорытындылары талқыланды.

Жиынға мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдардың басшылары, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің өкілдері, сондай-ақ, денсаулық сақтау басқармасының мамандары қатысты.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайрат Қалыбековтың мәліметінше, тұрғындардың орташа өмір сүру ұзақтығы 77,2 жасты құрап, республикалық көрсеткіштен жоғары болды. Қан айналымы жүйесі ауруларынан, қатерлі ісіктерден және жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім көрсеткіштері төмендеді.

 Есепті кезеңде онкологиялық орталығы бар қалалық көпбейінді ауруханада алғаш рет екі науқасқа күрделі лапароскопиялық операция жасалып, сүйек кемігін трансплантациялау жүргізілді. Бүйрек ісігін емдеуде криоабляция әдісі алғаш рет қолданылып, 8 науқасқа аз инвазивті ем көрсетілді. Қалалық №1 клиникалық ауруханада бүйрек трансплантациясының жалпы саны 256-ға жетті.

Сонымен қатар, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды антиретровирустық терапиямен қамту көрсеткіші 93%-ды құрады. Қалада 4 коронарлық араласу орталығы мен 14 бейінді құзыреттілік орталығы ашылды. «Әлеуметтік әмиян» жобасы аясында дәрілік рецепттердің 81,7%-ы орындалды.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша саланың өзекті мәселелері талқыланып, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған міндеттер айқындалды.

20 октября 2026
ҚАЛА АРДАГЕРЛЕРІ СПОРТТЫҚ ТУРНИРДЕ БАС ҚОСТЫ

Шымкентте Халықаралық қарттар күніне орай қаланың бес ауданының ардагерлерін біріктірген спорттық турнир ұйымдастырылды. 60 адам қатысқан дәстүрлі сайыс биыл сегізінші рет өткізілді. Турнирдің ашылу салтанатында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек сөз сөйледі. Ол қалалық ардагерлер кеңесінің атқарып жатқан жұмысына жоғары баға беріп, аға буын өкілдеріне айрықша құрмет көрсету қажеттігін атап өтті.

Қала ардагерлері қоғамдық өмірге белсене араласып, жастарға денсаулықты бағалаудың, бір-біріне қолдау көрсетудің үлгісін көрсетіп келеді. Аға буын өкілдері еліміз бен қаламыздың дамуына зор үлес қосып, саламатты өмір салтын насихаттау іс-шараларына да белесене қатысады.

Бағдарламаға спорттың бес түрі енгізілген. Олар – бильярд, үстел теннисі, шахмат, дойбы және волейбол. Әр қатысушы алдымен өз ауданында іріктеуден өтіп, үздіктері қалалық финалдық кезеңде бас қосты. Жарыстарды өткізу үшін арнайы спорт залдары әзірленген. Жарыс барысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, оларға медальдар, кубоктар мен грамоталар табысталады. Дегенмен ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл турнирдің мәні жүлделі орындар үшін күреспен ғана шектелмейді.

– Біздің мақсатымыз – ардагерлер арасында спортпен тұрақты шұғылдануды насихаттау, олардың белсенділігін арттырып, денсаулығын нығайту. Ең бастысы – жарыстың нәтижесі емес, спортқа деген қызығушылық. Біз аға буын өкілдерінің көбірек қозғалып, жиі жүздесіп, қала өміріне белсенді араласа бергенін қалаймыз, – дейді қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев.

Оның айтуынша, мұндай турнир қалада тұрақты өткізілуде. Осы жылдар ішінде турнир әртүрлі ауданда тұратын, бірақ рухани жақындығы мен ортақ қызығушылықтары бар адамдарды біріктіретін жақсы дәстүрге айналды.

Ардагерлердің жігері мен қала өміріне араласуға деген құлшынысы, өз қатарластырмен сайысқа түсуі құрметке ғана емес, қолдауға да лайық. Бұл іс-шараның жастарға да берер тағылымы мол.

20 октября 2026
ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

«Қуатжылуорталық-3» мекемесі 2026-2027 жж жылу беру маусымының басталуына байланысты 20 қазаннан бастап жылу магистралдық және ішкі орамдық жылу желілері сумен толтырылатынын хабарлайды. Жылу тұтынушыларға кезең-кезеңімен қазан айының 25-не толығымен беріледі.

РК-3, К-54, К-24, К-19, ПМК-49 қазандықтарын және 40 орта мектептің қазандықтарын қосу 20 қазан күні басталып, 25 қазан күні толық қосылады.

Бірінше кезекте – балабақшалар, мектептер мен ауруханалар, одан кейін – көп қабатты үйлер мен үшінші кезеңде басқа да заңды тұлғалардың нысандарына жылу беріледі.

Жылу беру барысында жертөлелер мен пәтер ішіндегі құбырлар жарылып кетпеу үшін қырағылық танытып, құбырлар жарылған жағдайда «Қуатжылуорталық-3» мекемесіне дер кезінде хабарлау қажет.

«Қуатжылуорталық-3» мекемесі тұрғын үйдің ішкі жылыту жүйесінің жарылуы мен пәтерлердегі мүліктің бүлінуіне жауап бермейді.

Сұрақтар туындаған жағдайда мына байланыс телефондарына хабарласуды сұраймыз:

8(771)882-62-55, 56-50-27; 44-81-89; 44-82-37.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністік танытуды сұраймыз.

20 октября 2026
ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ АТАП ӨТІЛДІ

19 қазанда Қазақстанда Құтқарушылар күні атап өтіледі. Кәсіби мерекеге орай Шымкент қаласындағы «Түркістан» сарайында салтанатты іс-шара өтті.

Жиынға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері мен қызметкерлері, олардың отбасы мүшелері және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Салтанатты рәсім басталмас бұрын арнайы құтқару техникасы мен заманауи жабдықтардың көрмесі ұйымдастырылды. Қала әкімі ұсынылған техникалармен танысып, олардың төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою кезіндегі мүмкіндіктерін көрді.

Кәсіби мерекемен құттықтаған қала әкімі құтқарушыларға батылдығы, жанқиярлығы және қызметтік борышына адалдығы үшін алғыс білдірді. Ол құтқарушы мамандығы асқан жауапкершілікті, жоғары кәсібилікті және ең күрделі жағдайларда да адамдарға көмек көрсетуге дайын болуды талап ететінін атап өтті. Бірқатар қызметкерге қала әкімінің Алғыс хаттары табысталды.

Сонымен қатар, қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Тілеуберді Мәдиев Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің құттықтауын жеткізді. Азаматтық қорғау органдарының ардагерлері мен қызметкерлері, сондай-ақ, құрылыс, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларының мамандары медальдармен және Алғыс хаттармен марапатталды.

Бұған қоса бірнеше қызметкерге кезекті арнайы атақтар берілді. Салтанатты іс-шара мерекелік концерттік бағдарламамен аяқталды.

Айта кету керек, қала аумағының кеңеюіне байланысты төтенше жағдайлар қызметтерінің инфрақұрылымын дамыту айрықша маңызға ие болып отыр. Қазіргі таңда Шымкентте жаңа өрт сөндіру деполары салынып, төтенше жағдайлар қызметі, жедел медициналық жәрдем және полиция бөлімшелерін біріктіретін заманауи көпфункционалды сервистік орталықтар ашылуда.

Сонымен қатар арнайы техникалар паркі жаңартылып жатыр. Бұл жұмыстар төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мүмкіндігін арттыру және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жалғасын табады.

19 октября 2026
АНОНС БЮДЖЕТ

 Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының "001 «Жергілікті деңгейде жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер" бойынша бюджеттік паспорты бойынша «Ашық бюджет» интернет-порталында жарияланды.

Аталған бюджеттік паспорты бойынша қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз.

🔗 Толығырақ сілтемеде: https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=4379571&budgetId=4371618&budgetState=PROJECT    

 

 «Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 007 Театр және музыка өнерін қолдау бойынша бюджеттік паспорты «Ашық бюджет» интернет-порталында жарияланды.

Аталған бюджеттік паспорты бойынша қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз.

🔗 Толығырақ сілтемеде:https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=4379571&budgetId=4371563&budgetState=PROJECT

Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 008 «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бойынша бюджеттік паспортын «Ашық бюджет» интернет-порталында жарияланды.

Аталған бюджеттік паспорты бойынша қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз.

🔗 Толығырақ сілтемеде: https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=4379571&budgetId=4371518&budgetState=PROJECT

 

19 октября 2026
АППАРАТ ОТЫРЫСЫ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Жиында мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, фармацевтикалық қызметтің жай-күйі, электр желілерін дамыту және қаланы қысқы кезеңге дайындау мәселелері қаралды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Айнұр Тобаеваның айтуынша, мемлекеттік тізілімде көзделген мемлекеттік қызметтердің 91,8%-ы корпорация арқылы көрсетіледі.

Жыл басынан бері халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 679 мыңнан астам қызмет көрсетілсе, өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы 347 мыңнан астам қызмет алынған. Қалада қызмет көрсетудің жаңа форматы – «Цифрлық халыққа қызмет көрсету AI кеңсесі» іске қосылды. Мұнда азаматтар терминалдар мен планшеттер арқылы өз бетінше қызмет ала алады немесе мамандардың көмегіне жүгіне алады.

Көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру қызметтерін цифрландыру жұмысы жалғасуда. Сондай-ақ, биылғы 9 айда әлеуметтік қамсыздандыру саласында 91,3 мың мемлекеттік қызмет көрсетілген. Олардың басым бөлігі азаматтардың жеке өтінішінсіз, проактивті форматта тағайындалады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті департаментінің басшысы Айгүл Садықованың мәліметінше, қалада фармацевтикалық қызметпен айналысатын 868 нысан жұмыс істейді. Оның ішінде 650 дәріхана бар.

2026 жылдың 9 айында жүргізілген тексерулер нәтижесінде 73 заң бұзушылық анықталып, 34 тексеру бойынша оларды жою туралы нұсқама берілген. 53 әкімшілік іс қозғалып, өндірілген айыппұлдардың жалпы сомасы 15,7 млн теңгеден асты.

Жиі кездесетін заң бұзушылықтардың қатарында фармацевтикалық қызметті заңсыз жүзеге асыру, дәрілік заттарды рецептсіз босату, сондай-ақ, тіркелмеген препараттарды сақтау және өткізу бар. Әсіресе халықты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге арналған препараттарды заңсыз сатудың жолын кесуге баса назар аударылуда.

Дәрілік заттардың айналымын бақылау үшін ISMET.KZ таңбалау жүйесі қолданылады. Ал «NAQTY ONYM» мобильді қосымшасы арқылы дәрілік зат туралы ақпарат пен оның шекті бағасын тексеруге болады. Заң бұзушылық анықталған жағдайда «Е-өтініш» жүйесі арқылы шағым жолдау мүмкіндігі қарастырылған.

Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерасыл Серік тұрғын алаптар мен өнеркәсіптік нысандарды электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру және электр желілерін дамыту мақсатында биыл 8 жоба жүзеге асырылып жатқанын баяндады.

Сайрам, Сәуле және Қайнарбұлақ тұрғын алаптарында электр желілерінің құрылысы жалғасуда. Сонымен қатар өнеркәсіптік нысандарды электр желісіне қосу жұмысы жүргізілуде. Нәтижесінде шамамен 24 мың тұрғынды электрмен жабдықтау сапасы жақсарады деп күтілуде.

Бұдан бөлек, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің инвестициялық бағдарламасы аясында қаланың электр желілерін жаңарту көзделген. Жұмыстар қосалқы стансаларды, кабельдік және әуе желілерін жаңартуды, сондай-ақ, электр энергиясын автоматтандырылған есепке алуға арналған 2 350 құрылғы орнатуды қамтиды.

Сонымен қатар «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңарту» ұлттық жобасы аясында тағы бір жобаны іске асыру жоспарлануда. Жыл қорытындысы бойынша электр желілерінің тозу деңгейін 56,2%-ға дейін төмендету күтілуде.

Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Әбілхайыр Оңғар қысқы кезеңде 617 бірлік арнайы техника мен 3 мыңға жуық жұмысшы жұмылдырылатынын хабарлады. Олар 474 магистральдық және 3 632 орамішілік көшені тазалауға жауапты болады.

Көктайғаққа қарсы 32,1 мың текше метр құм және 24,9 мың тонна тұз дайындалған. Қосымша 14,8 мың текше метр құм мен 7 мың тонна тұз сатып алу жоспарлануда. Қаланың бес ауданында қар тазалаудың негізгі бағыттары айқындалып, көктайғаққа қарсы материалдардың қоры әзірленген. Қарды уақтылы шығару үшін арнайы алаңдар белгіленіп, бос жер учаскелері дайындалуда.

Кеңес қорытындысы бойынша қала әкімі жауапты басшыларға мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауды күшейтуді, фармацевтика саласындағы талаптардың сақталуын қадағалауды, электр желілерін дамыту жобаларын уақтылы іске асыруды және қаланы қысқы кезеңге сапалы дайындауды тапсырды.

19 октября 2026
ROBOPARK LIGA XIII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РОБОТОТЕХНИКА ЖАРЫСЫ ӨТТІ

Шымкент қаласында ROBOPARK LIGA XIII республикалық робототехника жарысы аяқталды. Байқауға еліміздің әр өңірінен 60-қа жуық команда қатысып, үш санат бойынша өзара бақ сынады.

Жарыстың мақсаты – оқушылардың техникалық ойлау қабілетін, шығармашылығын және инженерлік дағдыларын дамыту, робототехника саласына қызығушылығын арттыру.

Қатысушылар «Сумо», «Робот құрастыр» және «Кегельринг» санаттары бойынша сайысқа түсіп, роботтарын басқару, құрастыру және тапсырмаларды орындау шеберліктерін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша «Сумо» санатында Alem Line командасы бірінші орын иеленсе, Robo Kent – екінші, RoboTaraz үшінші орынға тұрақтады. «Робот құрастыр» санатында Robostars командасы үздік атанып, RoboKids және RoboKids 1 командалары екінші және үшінші орындарды иеленді. Ал «Кегельринг» санатында Auzhan KTL командасы жеңіске жетіп, RP Nursat – екінші, RoboChampions үшінші орын алды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы сыйлықтар табысталды.

Іс-шараның ұйымдастырылуына Шымкент қаласының Цифрландыру басқармасы, Қамбар батыр мектебі және Shymkent Hub қолдау көрсетті. Сондай-ақ, жарысқа «Азия Сервис» компаниясының өкілдері арнайы қонақ ретінде қатысты.

Мұндай жарыстар жас ұрпақтың технологиялық сауаттылығын арттырып, инновациялық идеяларды тәжірибеде жүзеге асыруына және болашақ инженерлердің қалыптасуына мүмкіндік береді.

19 октября 2026
30 ОТБАСЫ САТЫП АЛУ ҚҰҚЫҒЫМЕН ЖАЛҒА БЕРІЛЕТІН БАСПАНАҒА ИЕ БОЛДЫ

Шымкентте баспана жағдайын жақсартуды қажет ететін азаматтарға сатып алу құқығымен жалға берілетін үйлерді ұсыну жұмысы жалғасуда. Кезекті іс-шара аясында 30 отбасыға пәтер кілттері табысталды. Салтанатты рәсімге қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.

Пәтерлер Асар-2 шағынауданындағы көп қабатты үйлерде орналасқан. Олар сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы аясында ұсынылды. Баспаналы болғандардың қатарында мүгедектігі бар азаматтар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар және толық емес отбасылар бар.

Айта кетейік, бұл үйлер қолданыстағы құрылыс нормаларына сәйкес салынған және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға қосылған.

Қала тұрғындарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету жұмысы жалғаса береді. Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға және кейіннен сатып алу мүмкіндігімен жеке баспанаға қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

17 октября 2026
ЕКІ ЖАҢА МОДУЛЬДІ СПОРТ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

Шымкент қаласының Қайнарбұлақ және Нұрсәт шағынаудандарында ангар үлгісіндегі екі модульді спорт залының құрылысы аяқталды. Жаңа нысандар бұқаралық спортпен шұғылдануға мүмкіндік беріп, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің спортқа қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Нысандардың ашылу салтанатына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков және «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры басқармасының төрайымы Ләззат Шыңғысбаева қатысты.

«Әр шағынауданның тұрғындары тұрақты жаттығып, денсаулығын нығайтуға, белсенді өмір салтын ұстануға мүмкіндік алуы маңызды. Біз спорт нысандарының қолжетімділігіне ерекше назар аудара отырып, қаланың спорт инфрақұрылымын дамытуды жалғастырамыз», – деді Ғабит Сыздықбеков.

Айта кетейік, модульді нысандардың құрылысы 2025 жылдың қараша айында басталған. Жобалар «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен жүзеге асырылып, мегаполиске сыйлық ретінде беріліп отыр.

Спорт залдары баскетбол, волейбол және шағын футбол ойнауға қажет құрал-жабдықтармен қамтылған. Мұнда ұлдар мен қыздарға арналған киім ауыстыру бөлмелері, душ кабиналары, жаттықтырушыларға арналған бөлмелер және 50 көрерменге арналған орындар қарастырылған. Сондай-ақ, күн салқын мезгілде жаттығуға қолайлы болуы үшін жылыту жүйелері орнатылған.

Осылайша жаңа спорт нысандары тұрғындарға үйіне жақын жерде дене шынықтырумен айналысуға мүмкіндік береді. Бұл бұқаралық спортты кеңінен насихаттауға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді.

Социальные сети
akimat_shymkent
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы