«ПАРЫЗ-2025» БАЙҚАУЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

«ПАРЫЗ-2025» БАЙҚАУЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Шымкенттік кәсіпкерлер бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2025» байқауына қатыса алады. Конкурс өңірлік және республикалық деңгейде өтеді.

Негізгі номинациялар:
Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын – қызметкерлер мен қоғамның әл-ауқатын жақсарту жобалары қаралады.
Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын – еңбек жағдайын жақсарту шаралары ескеріледі.
Үздік ұжымдық шарт – қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын жақсартуға бағытталған шарттар бағаланады.
Экологияға қосқан үлесі үшін – қоршаған ортаны қорғау бойынша ерекше бастамалар марапатталады.
Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтарына көмектесетін үздік жобаға арнайы сыйлық тағайындалады.

Қатысу шарттары:
Кәсіпорынның үш жылдан астам жұмыс істеуі
Еңбек заңнамасын сақтауы
Қайырымдылық қызметпен айналысуы

Өтінімдер 2025 жылдың 1 шілдесіне дейін Шымкент қаласы әкімдігінің Еңбек мобильділігі орталығында қабылданады.

Мекенжайы: Шымкент қ, Нұрсат ш/а, С.Бәйтереков көшесі, 89 (6 каб.)

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі