ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!

30 наурызда шаһардағы «Әл-Фараби» алаңында сағат 11:00-ден бастап 21:00-ге дейін «ДәмДәсTour» гастрономиялық фестивалі өтеді.

Осыған орай, 29 наурызда кешкі сағат 17:00 және 30 наурыз сағат 21:00 аралығында «Әл-Фараби» алаңы жабылатынын хабарлаймыз. Нақтырақ айтқанда, Т.Айбергенов көшесінен Б.Момышұлы-Түркістан көшелері қиылысына дейінгі аралықта көлік қозғалысы шектеледі.

Осыған байланысты сіздерден көлік бағыттарын алдын-ала жоспарлауды сұраймыз. Баршаңызды гастрономиялық фестивальге қатысуға шақырамыз.