ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ КӨШЕЛЕРГЕ QR-CODE ТАҚТАЙШАЛАРЫ ОРНАТЫЛДЫ

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ КӨШЕЛЕРГЕ QR-CODE ТАҚТАЙШАЛАРЫ ОРНАТЫЛДЫ
Шымкент қаласының барлық аудан аумағында тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында көше атауы мен мекенжайы көрсетілген QR-code үлгідегі тақтайшалар орнатылуда.
Таяуда аталған жұмыстар Қаратау ауданы аумағында жеке секторда атқарылды. Жалпы аудан бойынша 32 мыңға жуық жеке және көп қабатты тұрғын үйлерге аталған тақтайшалар орнатылады. Бұл жұмыстарды биыл желтоқсан айына дейін аяқтау жоспарланған.  
 
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы