
Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!
21 наурызда қаламызда Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесіне арналған ауқымды іс-шаралар өтеді. Сағат 11:00-ден бастап «Астана» алаңында мерекелік іс-шаралар және кешкі 19:00-ден бастап отандық жұлдыздардың қатысуымен гала - концерт өтеді.
Осыған орай, 21 наурыз сағат 8:00-ден 24:00-ге дейін С. Бәйтереков және Ж. Шаяхметов көшелерінің Назарбаев даңғылымен қиылыстары жабылатынын хабарлаймыз!
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі