
Қалалық қоғамдық көліктерде “Avtobys” жүйесінің іске қосылуына байланысты 2025 жылдың 1 сәуірінен бастап “і-Kolik” қосымшасы жұмысын тоқтатады. Маршруттардың қозғалысын “Avtobys” мобильді қосымшасы арқылы бақылауға болады. Жүйені пайдалану бойынша толық нұсқаулықты бейнероликтен көре аласыз.
Сонымен қатар, “Avtobys” қолданбасы бірнеше қосымша мүмкіндіктерге ие:
Қоғамдық көліктердің нақты уақыттағы қозғалысын бақылау
Маршруттар мен аялдамалар туралы ақпарат
Жол ақысын онлайн Bluetooth, NFC, QR-код арқылы төлеу, Visa және Mastercard банк карталарымен төлем жасау. Пластик көлік карталарын пайдаланудың қажеті жоқ
Қоғамдық көліктердегі жаңалықтар мен өзгерістер туралы хабарландырулар
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі