ҰЛТТЫҚ КИІМ ФЕСТИВАЛІ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

ҰЛТТЫҚ КИІМ ФЕСТИВАЛІ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Шаһарда «Ұлттық киім күні» мерекесіне орай ұлттық киім фестивалі, отандық дизайнерлер көрмесі өтті. Наурызнама онкүндігі аясында ұйымдастырылған іс-шара ұлттық мәдениетіміздің жаңғыруына үлес қосып, мерекенің сәнін кіргізді.

Іс-шараға Алматы, Астана, Шымкент және Түркістан қалаларынан келген дизайнерлер қатысып, қазақтың ұлттық киімін көпшілікке заманауи үлгіде паш етті. Олар күнделікті киюге лайықталған ұлттық нақыштағы киімдерден бастап, қалыңдық пен күйеу жігіттің киімі, кимешек және камзол үлгілерін ұсынды. Әрбір туынды ұлттық дәстүр мен заманауи трендтердің үйлесімін көрсетті.

Ұлттық киім – халқымыздың тарихы мен болмысын бейнелейтін құндылық. Сән көрсетілімдері барысында күнделікті киюге арналған заманауи үлгідегі камзолдар, жібек матадан тігілген ұзын көйлектер, сәнді бешпенттер ерекше сұранысқа ие болды. Сонымен қатар, жас жұбайларға арналған киім үлгілері де көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Ерекше іс-шара кешкі сағат 18:00-ге дейін жалғасады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі