
18.03.2025 жылы электр желілірінде профилактикалық жұмыстарының өткізілуіне байланысты, газ (метан) толтыру станциялары қалалық тұрақты бағыттардағы автобустарды газбен қамтамасыз етуі уақытша шектеледі.
Осыған байланысты бір қатар маршруттар қысқартылған автобус санымен қызмет көрсетуі ықтимал. Уақытша орын алатын қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Сондай-ақ, қалада қатынау бағыттарыңызды алдын-ала жоспарлауыңызды өтінеміз.