ЕҢБЕКШІ, ҚАРАТАУ АУДАНДАРЫНДА МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

ЕҢБЕКШІ, ҚАРАТАУ АУДАНДАРЫНДА МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай аудан әкімдіктерінің мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды. Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда өткен мерекелік концертте асыл аналарға сый-сыяпаттар табыс етілді.

Мерейлі мерекеде Еңбекші ауданында тұратын көпбалалы аналарға, көше, үй комитет төрайымдарына және ауданның қоғамдық-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан ақ жаулықты әжелер мен ардақты аналарға құрмет көрсетіліп, гүл шоқтары ұсынылды.

Сондай-ақ, Қаратау ауданы әкімдігі ұйымдастырған іс-шарада аудан әкімі Р.Мүлкеманов барша асыл жандарды мерекемен құттықтап, белсенді азаматшаларды, көпбалалы аналарды, үздік қызметкерлерді арнайы мерекелік сыйлық және алғыс хатпен марапаттады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі