ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті шымкенттіктер, 2024 жылдың 10 желтоқсаны күні Шымкент қаласының әкімдігіне «Су ресурстары – маркетинг» ЖШС-ін мемлекет меншігіне қайтаруға қарсы туралы петиция келіп түсті.

Бұл мәселе қоғамда көптен бері кеңінен талқыланып келе жатыр. Бұл түсінікті де, өйткені мәселе стратегиялық маңызды объект туралы болып отыр.
Петицияны талқылауға онлайн-форматта 12 мыңға жуық адам, офлайн форматта - 650-ге жуық адам қатысты. Бұл тағы да мәселенің маңыздылығын көрсетеді.

Тыңдаулар барысында көп мәселе түсінікті болды - барлық тұрғындар петиция авторын қолдамайды және көбісі су арнасын қайтаруды жақтайды, өйткені - мұндай стратегиялық маңызды нысанның жекенің қолында болуы мемлекетті бір адамның алдында осал етеді деп санайды.

Заңды тұлғаларды қайтару мәселесі мемлекеттік органның құзыретіне кірмейтіндіктен, соңғы сөз - сотта. Бұл туралы петиция авторына да хабарланды. Дегенмен, әкімдіктің ұстанымы өзгерссіз - стратегиялық маңызды объектілер мемлекетке тиесілі болуы тиіс.