ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

Ертең, 25 желтоқсан күні жаңа жыл қарсаңында әуежайдың жаңа терминалының техникалық ашылуы өтеді.

Алғашқы кезеңде терминалда «SCAT» әуе компаниясының күндізгі ішкі рейстері қызмет көрсетеді. Жақын арада «Air Astana» және «Fly Arystan» әуе компанияларының рейстері де осы терминалға ауыстырылмақ.

Қазіргі таңда халықаралық әуе компанияларымен тарифтер мен ынтымақтастық мәселелері бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Халықаралық сектор мен транзиттік аймақ келесі жылдың басында ашылады деп жоспарланып отыр.

Жаңа терминалдың іске қосылуы көршілес елдермен және Франция, Германия, Қытай, Үндістан, Пәкістан, Мысыр, Вьетнам, Оңтүстік Корея сияқты Еуропа және Азия мемлекеттерімен әуе қатынасын кеңейтуге мүмкіндік береді.