ШЫМКЕНТ: ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАРЛАРДАҒЫ 80 ПАЙЫЗДАН АСТАМ ТӨСЕК-ОРЫН БОСАДЫ

ШЫМКЕНТ: ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАРЛАРДАҒЫ 80 ПАЙЫЗДАН АСТАМ ТӨСЕК-ОРЫН БОСАДЫ
Бұл жөнінде бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимирхан Варзилов мәлімдеді. 
 
Оның айтуынша, қаладағы эпидемиялогиялық ахуал күннен-күнге жақсарып, жұқпалы ауруға шалдыққан науқастардың саны азаюда. 
 
«Шымкент қаласында  COVID-19 инфекциясымен күреске медициналық ұйымдарда 26  провизорлық орындар жұмыс істеді.  Бүгінгі күні провизорлық орындардың 19  пайызы ғана жұмыс жасап, 81 пайыз төсек-орындар босады» - деп хабарлады Т.Вазилов. 
 
Медициналық мекемелер  тамыздан бастап қалыпты жағдайдағы жұмыстарын бастаған. Яғни, науқастар жоспарлы түрде ем қабылдауына болады. 
 
Сондай-ақ, 11 тамыздағы жағдай бойынша қалада  коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар саны – 5114, оның ішіне 2608 симптомды, 2506 симтомсыз. Індетінен айыққандар саны  3865-ке жетті.  
 
Айта кету керек, елде  жарияланған карантин өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына оң әсерін тигізді
 
 
 
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі