
Жаңа заманауи қонақ үйлердің пайда болуы қаламызды тартымды етіп, туризмнің дамуына айрықша серпін беретіні сөзсіз.
Қала әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбековтің қатысуымен әйгілі Hilton халықаралық желісінің 5 жұлдызды қонақ үйінің құрылыс аумағында капсула салу рәсімі өтті. Шымкент сити шағынауданында бой көтеретін бес жұлдызды қонақ үйді 2026 жылы ашу жоспарлануда.
Сонымен қатар, ұлттық стильде салынған Qazaq Hotel қонақ үйінің ашылу рәсімі өтті.
Осындай туристік нысандардың қаламызда бой көтеруі қаланың туристік әлеуетімен қоса инвестициялық тартымдылығын арттыратындығы сөзсіз.
Жыл соңына дейін қаламызда бірнеше қонақ үйдің ашылуы жоспарлануда.