
Негізгі месседждер:
«Бір ел болып жаңа құндылықтар жүйесін қалыптастыруымыз қажет»
«Сарайшық – төл шежіремізде айрықша орны бар киелі шаһар»
«Ынтымағы жарасқан, ортақ мақсатқа ұйысқан ұлт ешқашан ұтылмайды»
«Өткен заманды орынсыз қазбалау жақсылық әкелмейді, оның пайдасынан гөрі, зияны көп»
«Шетелде бізді кеңестік кезеңге қатысты монументтер қаптаған «Ескерткіштер елі» деп атайды»
«Елімізде қазақ тіліне деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Қазақ тілі бизнестің, ғылым мен техниканың тіліне айнала бастады»
«Біз теңдессіз тарихи нысандарымызды жоюға жол бермей, мұқият қорғауымыз керек»
«Деструктивті насихаттарға біздің еліміздегі балалар да ілесіп кетіп жүр. Сондықтан мұның зардап-залалы өте зор болуы мүмкін»
«Ата-бабасын ұлықтауды сұрап ұжымдық хат жазу әдетке айналып барады»
«Халқымыздың дүниетанымында қара киініп жүру деген атымен болмаған. Бұл – еліктеушіліктен, әсіре-діншілдіктен туған үрдіс. Біз салт-дәстүрімізден ажырамауымыз керек»
@ptrkkz