ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КҮНІ: БӨБЕКТЕР ҮЙІНДЕГІ ҚУАНЫШ

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КҮНІ: БӨБЕКТЕР ҮЙІНДЕГІ ҚУАНЫШ
Бүгін 15 наурыз – Қайырымдылық күні аясында бөбектер үйінде «Наурыз – мерекем, Наурыз берекем» атты іс-шара өтті.
 
Салтанатты жиынға қалалық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, мекеме демеушілері мен кәсіпкерлер қатысты.
 
Мерекелік кеш кезінде бөбектер үйіндегі тәй-тәй басып келе жатқан бүлдіршіндердің тұсау кесу рәсімі өткізілді. Қайырымдылық шарасында балаларға сыйлықтар тарту етіліп, мерекелік дастарқанда «Наурыз көже» берілді.
Кеш соңында балалар қонақтарға ән айтып, би билеп, өнерлерін көрсетті.
 
Айта кетейік, қалалық Денсаулық сақтау басқармасына қарасты бөбектер үйінде 41 бала тәрбиеленуде. Орталықта 4 жасқа дейінгі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, сонымен қатар ақыл-ой және дене дамуында ақаулықтар кездесетін балаларға мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі.
 
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі