
Шымкент қаласында «Индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған жобалардың бірі – «Бесқұдық тас» зауыты. «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан кәсіпорын 2018 жылы құрылған.
Зауытта 150 адам жұмыспен қамтылған. Түркия, Қытай мемлекеттерінің озық үлгідегі құрылғыларымен жабдықталған өндірістік орында жылына 350 мың шаршы метрге дейін тас өндіріледі. Мұнда құрылысқа қажетті түрлі пішіндегі материалдар шығарылады.
Отандық өнімдер еліміздің ішкі нарығына және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне сатылымға шығарылуда.
Өндіріс ошағының мегаполис экономикасының дамуында үлесі зор.