
Байқауды ұйымдастырушы: Шымкент қаласының кәсіпкерлік және
индустриалды-инновациялық даму басқармасы.
Орналасқан жері: Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы 10.
Пошталық мекенжайы: 160000.
Байланыс телефоны: 8 (7252) 24-75-12, 24-74-27.
Байқау нысанасы: «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен
дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ісін жаңа бастаған
кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.
Байқау нысаны: ашық конкурс.
Байқауға қатысу үшін өтінім беру орны: Шымкент қаласының
кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы. Шымкент
қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы, 10 (фронт-офис, Шымкент қаласы
әкімдігінің 1 қабаты).
Байқауға құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін
үміткерлер көрсетілген мекенжайға жеке өзі, пошта арқылы немесе өзінің
өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша өтінім және конкурстық
құжаттаманың толық топтамасын ұсынады.
Байқауға құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2020 жылғы «15» маусымынан
бастап 2020 жылғы «29» маусым қоса алғанда, жұмыс күндері сағат 10:00-ден
17:00-ге дейін.
Өтінімдерді берудің басталатын күні мен уақыты: 2020 жылғы «15»
маусым сағат 10:00-ден бастап.
Өтінімдерді берудің аяқталатын күні мен уақыты: 2020 жылғы «29»
маусым сағат 13.00-ге дейін.
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.
Толығырақ:https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/documents/details/40543?lang=kk