Күшті өңірлер – қуатты ел: Шымкент, 2023 ж. Даму стратегиясы және экономикалық серпіліс

Күшті өңірлер – қуатты ел: Шымкент, 2023 ж. Даму стратегиясы және экономикалық серпіліс
Қала экономикасының негізін өнеркәсіп пен кәсіпкерлік құрайды.
 
Мемлекет басшысының өңір экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Шымкентте 34 мыңнан астам жаңа тұрақты жұмыс орнын ашумен 229 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылды. Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 50%-ға жетті. 2023 жылы кәсіпкерлікті дамытудың жалпыұлттық жобасы аясында 20 млрд теңге бөлінді, қазірдің өзінде 18,8 млрд теңгенің 3400 жобасы қолдау тапты.
 
Бүгінгі таңда 5 өндіріс алаңында 273 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 8 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.
Сондай-ақ, 867 гектар аумақты құрайтын 5 жаңа өндіріс аймағын құру жұмыстары жүргізілуде, бұл қаланың өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда «Жұлдыз» және «Бозарық» индустриалды және агроөнеркәсіптік аймақтарына қажетті инженерлік инфрақұрылымның құрылысы жүргізілуде.
 
Оң динамика өңдеу өнеркәсібінде де байқалады. 2023 жылы 8 жоба жүзеге асырылып, 443 жұмыс орны ашылды.