
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 31 Шымкент қаласы тұрғынынан COVID-19 диагнозы нақтыланды: 23-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған және 8-і скрининг нәтіжесінде анықталған. Тиісінше барлығы инфекциялық стационарға жатқызылған.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі уақытта қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 435 адам анықталды.