ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!

27-28 қазан күндері таңғы 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен "Көрме" орталығында жергілікті тауар өндірушілердің көрмесі өтеді.

Іс-шараны ұйымдастырудағы мақсат - отандық өнім өндірушілердің өнімдерін кеңінен насихаттап, жаңа серіктестер табуға, тиімді келісімдер жасауға мүмкіндік туғызу.

Көрмеде тоқыма, фармацевтика, машина жасау, жиһаз, химия, тамақ өнеркәсібі және құрылыс индустриясы кәсіпорындарының өнімдері ұсынылады.