ҚАЛА ӘКІМІ БОЗАРЫҚТАҒЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

ҚАЛА ӘКІМІ БОЗАРЫҚТАҒЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Бозарық шағынауданында бой көтерген көпқабатты тұрғын үйлер құрылысының қарқынымен танысты.

Бүгінде 74 гектар аумақта 2 мыңнан астам пәтерлі 54 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. 18 нысан жыл соңына дейін қолданысқа беріледі.

Ал ішкі орамдық 3 инженерлік инфрақұрылым нысанының құрылысы жуырда аяқталады. Қалған 6 нысан келесі жылға өтпелі.

Қала әкімі мердігер мекеме басшыларының жауапкершілігін күшейтіп, құрылысты сапалы, мерзімінде жүргізуді тапсырды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі