
2023 жылғы 20 қазанда Шымкент қаласы әкімінің аппараты өтініштермен жұмыс жасау бөлімінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарының қаралуы және ондағы орын алған кемшіліктерді жою бойынша кеңес өткізілді.
Кеңеске Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті бастығының орынбасары Н.Капесов, прокурор Қ.Аманбаев және аудан әкімі аппараттары мен басқарма өкілдері қатысты.
Кеңесте жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауда орын алған кемшіліктер талқыланып, заң талаптарына сәйкес түсіндірме берілді.