
Шымкенттегі қалалық клиникалық балалар ауруханасында алғаш рет жасөспірімнің жүрегіне күрделі ота жасалды.
16 жастағы науқаста туа бітті жүрек ақауы мүлде байқалмаған, тіпті спортпен шұғылданып жүрген. Анасының айтуынша, ұлының бет-аузы бірден ісініп, қан қысымы қайта-қайта көтерілген.
Дәрігерлер жедел жәрдеммен түскен пациентке туа бітті жүрек ақауы диагнозын қойып, шұғыл ота жасауға кіріскен.
- Жедел жәрдеммен ауруханаға келдік. Дәрігерлер жедел ота жасау керек екендігін айтқанда өзіміз де түсінбей қалдық. Дер кезінде көрсетілген көмектің арқасында балам аман, оның еш жерін кеспей, лазермен күрделі ота жасады,- дейді науқастың анасы Мадина Әзімова.
Операция жарты сағатқа созылған. Қазіргі таңда жасөспірім дәрігерлердің бақылауында, жағдайы қалыпты.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі