
Саяжай аумағындағы 74 көшеге талшықты оптика желісі жүргізілді. Мұнда 2 мыңнан астам тұрғын үй орналасқан. Осыған дейін өтініш білдірген 300-ге жуық үй интернет желісіне қосылған, қазір тұрғындардан қосымша өтініштер қабылдануда.
Кеңжолақты интернет желісіне қосылуға өтінімдер берілген жағдайда саяжай аумағы «СпецавтоматикаСервис» компаниясы тарапынан талшықты оптика желісімен толық қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар, алдағы уақытта Абай ауданына қарасты Бозарық шағын ауданында 2 мыңға жуық тұрғынға сапалы интернет желісін тарту жоспарлануда.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі