
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 77 адамнан COVID-19 диагнозы табылды: олардың 3-уі Атырау облысынан келген, 2-уі халықаралық жүк тасымалының көлік жүргізушісі, 4-еуі вирусты жұқтырған адамдармен жақын қарым-қатынаста болғандар ретінде бақылауға алынған, 68-і скрининг нәтижесінде анықталған. Тиісінше барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 344 адам анықталды.