ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІНЕ ҚОСУ БОЙЫНША ХАБАРЛАНДЫРУ

ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІНЕ ҚОСУ БОЙЫНША ХАБАРЛАНДЫРУ

Қаламызда жылу маусымының басталуы метеорологиялық болжамдар мен ауа райының күнделікті мониторингі бойынша айқындалады.

Жылу жүйесіне қосу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
Қала әкімінің қаулысына сәйкес ауа райы температурасы +8°С және одан төмендеген бес тәулік ішінде көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға кезең-кезеңімен жүйеге қосылып, жылу беріле бастайды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі